Денсаулық сақтау саласын цифрландыру

Денсаулық сақтау саласын цифрландыру бойынша Жол картаның шеңберінде Алматы қаласының ШЖҚ «№8 Қалалық емхана» МКК Медициналық ақпараттық жүйеге өтуді жүзеге асырмақ. Денсаулық сақтау саласын цифрландыру медицина қызметкерлері еңбегінің нәтижелілігін арттыруға және халықтың медициналық

Қазіргі уақытта №8 Қалалық емханада DamuMed электрондық медициналық сервистерінің мобильдік қосымшасы және халықтың электрондық денсаулық паспорты енгізілу үстінде.

DamuMed мобильдік қосымшасының көмегімен қолданушылар дәрігердің қабылдауына жазыла алады немесе үйге шақырта алады, жазып берілген рецептілерін және зертханалық зерттеулердің нәтижелерін көре алады, еңбекке жарамсыздық парақтарын жүктей алады. «Дабыл түймешегі» функциясы 5 жасқа дейінгі балалардың ата-аналарына, жүкті әйелдерге және диспансерлік бақылаудағы жеке топ пациенттеріне бір шертім арқылы, шұғыл түрде дәрігерді үйге шақыртуға мүмкіндік береді.

Электрондық денсаулық паспорты кезең-кезеңімен енгізіледі және пациент туралы толық және негізді ақпаратты қамтитын болады:

  • Бұрын ауырған сырқаттары;
  • Созылмалы ауруларының болуы;
  • Дәрілік заттарға болуы мүмкін аллергиялық әсерлері;
  • Талдау нәтижелері және т.б..

Ақпарат бірыңғай репозиторияда сақталатын болады және артықшылықтарына сәйкес медицина қызметкерлеріне ғана қолжетімді болады. Қолданушылар олардың электрондық денсаулық паспорттарындағы жеке деректеріне электрондық үкімет сайтындағы пациенттің жеке кабинеті арқылы кіре алады.