Бүкіләлемдік денсаулық күні

7 сәуірде Бүкіләлемдік денсаулық күні және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 70 жылдығы атап өтіледі. Осы жағдай бойынша, Алматы қаласының №8 Қалалық емханасында Бүкіләлемдік денсаулық күніне арналған Ашық есік күні өткізілді.

Барлық ниет білдірушілер невропатолог, эндокринолог, хирург, ЛОР дәрігері, окулист, ЖПД, психолог және әлеуметтік қызметкер сияқты арнайы мамандардың консультацияларын алды. Сондай-ақ, пациенттердің артериалдық қысымы өлшенді, қандағы қант пен холестерин деңгейін анықтау үшін қан талдауы алынды.