Мастер класс

Балаларды дамыту бөлмесінің атқарылған жұмысы туралы ақпарат

«№8 Қалалық емхана»

Тақырыбы: ИВБДВ Жас баланы дурыс тамақтандыру. Қосымша тамақ

Дәрігер- педиатр: Акбарова Г.Т.

Мейірбике КРР: Куатбаева У.А

Қатысқандар: ата-аналар, аймақтық дәрігерлер және мейірбикелер.

Қатысушылар саны: 25

Негізгі жоспар: Жас балага дурыс тамақтануды еңгізу

  • Жас балаға дұрыс қосымша тамақ дайындау методикасы.
  • Баланың толыққанды тамақтануы .
  • Балаларда кездесетін созылмалы аурулардың алдын алу .

13.02-22.02 апта аралығында өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат. ШЖҚ «№8 Қалалық емхана» КМК 13.02.2023ж.

Тақырып: «Балалармен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу шаралары».

Суицид алдындағы синдром: Суицидке баруға әрекеттенгенін білдіретін кешенді психологиялық белгілер, яғни ұзақтығы бірнеше минуттан бірнеше аптаға немесе айларға дейінгі уақытты қамтитын суицидтік қарқынды мерзім.

Суицид жасаудың бірнеше себебі бар:

  • Генетикалық. Яғни, адамның генінде болады.
  • Бала кезде алған жарақат.
  • Психикалық бұзылыс.

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын-алу мақсатында емхана психологтары Болтекова А.М , Данебекова Ж.Ж және мектеп психологтары бірлесе отырып №167,66,75 мектептерге лекция жүргізді. Өмірлік қиын жағдайға түскен оқушылармен дағдыларын дамытуға арналған тренингтер мен табысқа жету мотивациясын жетілдіретін психологиялық коррекция шаралары жүргізілді. Лекция барысында қиын жағдайға түскен кезде қалай алдын алуға болатыны туралы видеороликтер көрсетілді. Оқушылар сұрақ қойып белсене қатысты. Қатысқан оқушылар саны: 863.

02.02-12.02.20203ж. апта аралығында өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат. ШЖҚ «№8 Қалалаық емхана» КМК

02.02-12.02.20203ж. апта аралығында өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат. ШЖҚ «№8 Қалалаық емхана» КМК

Тақырып: «Электрондық темекілер мен Вейптердің тұтынудың алдын алу». «Мен және менің ауламдағы компаниям және достарым.»

Вейп – аккумулятор және буландырғыштан тұратын электронды сигареттің бір түрі. Шылымқорлар бұл аппаратты денсаулыққа ешқандай қаупі жоқ деп есептегенімен,адам денсаулығына өте зиян және аса қауіпті болып саналады.

Әрбір электронды құрылғыны пайдаланатындар білуі тиіс:

  • Шегуге арналған мұндай құрылғылар кәдімгі темекінің баламасы емес;
  • Электронды сигарет рак, жүрек пен өкпенің ауруларын тудыруы мүмкін;
  • Электронды құрылғыларды шегу никотинге тәуелділіктен арылтпайды.Электрондық темекі мен вейптердің алдын-алу мақсатында емхана психологтары :Болтекова А.М және Данебекова Ж.Ж

Ш.Смаханұлы атындағы №62 гимназияда жоғары сынып оқушыларына лекция сұрақ жауап диалогын жүргізді.Лекция барысында темекі және вейптің адам денсаулығына зияны туралы видеороликтер көрсетілді.Оқушылар сұрақ қойып белсенді қатысты. Қатысқан оқушылар саны:406

Бас дәрігер Ж.А.Мухамеджановна

«Глаукома-көздің жасырын жауы»

Суқараңғы-глаукома. Ол қазақша «көк түсті су» деген мағнаны білдіреді,себебі қарашық сары түсті суға толы сияқты болады. Көз үнемі сұйықтық шығарады,ескі сұйықтық үнемі ағып отыру керек. Көздің ішкі қысымы белгілі бір деңгейде (орталық мөлшері 11– 21 мм сын.бағ.) көздің ішкі сұйықтығының циркуляциясын реттеп отырады. Көздің қан тамырлары мен оған келетін жүйкелер қызметінің бұзылуынан көз сұйықтығының циркуляциясы нашарлап, көзден жас шығу қиындайды. Соның нәтижесінде сұйықтық жиналып, көз ішілік қысымның жоғарылауына әкеледі. Бұл көздің қалыпты жағдайдағы жұмысын төмендетіп, көздің торлы қабығына келетін жүйкелердің жұмысы бұзылады. Егер дер кезінде емделмесе, адамның көру қабілеті нашарлап, тіпті соқырлыққа да әкелуі мүмкін.

Белгілері: көз ұясында ауырсыну, көру өткірлігі төмендеуі, қарашықтың кеңеюі, жарыққа реакция болмауы, көру қабілетінің жоғалуы көру жиігінен басталады, уақыт өте орталық көру қабілеті де төмендейді.

Глаукома әдетте симптомсыз басталғандықтан скрининг өту маңызды.40 жастан бастап жылына бір рет көз қысымын тексертіп тұру керек.Көзді тексеру ауруды ерте анықтап көру қабілетін сақтайды.

Бас дәрігердің.

16.01-22.01.2023ж.апта аралағында өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат.

16.01-22.01.2023ж.апта аралағында өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат.

ШЖҚ «№8 Қалалық емхана» КМК

Тақырып: Предиабет немесе диабеталды жағдай.

Предиабет немесе диабеталды жағдай- бұл қандағы қанттың (глюкозаның) мөлшері қалыптыдан жоғары болғанымен, бірақ қант диабетіне жатқызу үшін әлі жоғары емес мөлшер.Ашқарынға өлшенетін қант мөлшері нормасы— от 3,9 до 5,6 ммоль/л.,егер анализ нәтижесі 5,6-дан жоғары 6,9 ммоль/л,. көрсетсе предиабет яғни диабеталды жағдай деп қаралады.

Мамандардың пікірінше,диабеталдбар адамдардың бәрі бірдей диабетке шалдықпайды.Олар қандағы қантты қалыпты деңгейге келтіріп,аурудан айыға алады. Диабеталды-аурудың пайда болу қаупін төмендету үшін дер кезінде шаралар қолдануға мүмкіндік беретін белгі.

Предиабет-диабеталды жағдайдың қауіп факторлары:

  • артық салмақ,–аз қозғалатын өмір салты,-жоғары қан қысымы
  • тұқым қуалайтын бейімділік,- жастың 45-тен асуы.

Мынандай белгілердің көбеюі преддиабеттен екінші типті қант диабетіне ауысқандығының белгісі болуы мүмкін.

  • тез шаршау,-жиі зәр шығару,-құрғақ ауыз,-амақтанғаннан кейін аштық
  • себепсіз салмақ жоғалту немесе толығу

Предиабетті емдеудің және диабет ауруының алдын-алуға мүмкіндік беретін үш тиімді әдіс бар:

  • Дене салмағын жоғалту
  • Физикалық белсенділікті арттыру (күніне 30 минут, аптасына 5 күн)преддиабетке әсер ету және азайту үшін жеткілікті.
  • Пайдалы тағамдарды қолдану.

Әр адам өз денсаулығын жақсартуға өі жауапты ,сондықтан салауатты өмір салтын ұстануды әдетке айналдырайық.Жылда скрининг өтіп ,қант мөлшерін тексеріп тұруға шақырамыз!

09.01-15.01.2023ж.апта аралығында өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат

09.01-15.01.2023ж.апта аралығында өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат ШЖҚ «№8Қалалық емхана»КМК

Тақырып: Иіс газымен улану себептері және алғашқы көмек.

Көмірқышқыл газбен улану адам өліміне алып келуі мүмкін,өйткені ол өте улы сондықтан аз уақыт ішінде ағзаға ауыр зиянын тигізеді. Иіс газы көміртектің ауа жеткіліксіз болған жағдайда жану кезінде пайда болады. Өмірде көміртегі оксидімен уланғанда иіс тиді дейді. Оның улы болу себебі СО –мен тыныс алғанда қандағы гемоглобинмен СО газы берік байланыс түзіп оттектің организмге келуін қиындатады

Иіс газының не иісі жоқ,не түсі жоқ және оны анықтау еш мүмкін емес.Түн мезгілінде адам ұйқы үстінде уланып,оянбай қалуы мүмкін.Уланудың негізгі себебтері ақауы бар пеш жабдықтары,пешті дұрыс салмау,бітелген мұржалар мен жарықшақтар болуы.

Иіс газымен уланудың алғашқы белгісі-бас ауырып,бас айналауы,құлақ шулап,құлақ бітеліп,дірілдеу,жүрегі айнып ,құсу,есі шатасып ұйқышылдық басу,одан кейін адам есінен танады.

Алғашқы көмек барынша жедел жасалуы тиіс.

Жедел жәрдем шақырып,зардап шегушіге алғашқы көмек көрсету шұгыл түрде болу керек.Кез келген ауа-райында науқасты таза ауаға алып шығып арқасымен жатқызып,киімдерін шешіп,кеудесін ашу керек. Суланған салқын шүберекті шекесіне қою керек..

Егер науқас есін жинамаса,мүсәтір спиртімен мұрнына иіскетіп,тітінкендіру керек.Бұл шаралар көмектеспесе жүрегіне жабық массаж жасау керек.

Өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтаңыздар!

Бас дәрігердің м.а. А.А.Кундызбаева.

Дайындаған: Салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері Джамбаева М.А.

09.01-15.01.2023ж апта аралығында өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат.

09.01-15.01.2023ж апта аралығында өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат.

  • ШЖҚ «№8 Қалалық емхана»
  • Тақырып: «Скрининг деген не?»

Скрининг-сау адамдарды алдын-ала медициналық тексеруден өткізу,ауруларды және қауіп факторларын ерте сатыда анықтау.

Скрининг ауқымына мыналар кіреді:антропометриялық өлшемдер ( бой,дене салмағы,бел шеңбері) және қан қысымын өлшеу.Зертханалық және аспаптық зерттеулер жүргізу. Зерттеу нәтижесінде анықталған патологиясы бар пациенттер динамиқалық бақылауға қойылады. Скрининг қорытындысы медициналық ақпараттық жүйеге енгізіліп,науқасқа бақылау кеңестермен,толық тексеру тағайындалады.

Тексеру кезінде жіті аурулар анықталса мамандар науқастарға тексеру жүргізеді,ал анықталған созылмалы аурулары бар адамдар есепке алынып,динамикалық байқауда болады.

Уақытылы скрининг өтуге шақырамыз! Ауырып ем іздегенше,алдын алатын жол ізде!Дұрыс тамақтанып,дене белсенділігін артып,темекі тартудан алшақ болып,өз денсаулығымызға жауапкершілікпен қарайық!Денсаулық-зор байлық,осы байлыққа ие болу үшін,салауатты өмір салтын сақтау керек екенін естеріңізге саламыз.

09.01-15.01.2023ж аралығында өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат

09.01-15.01.2023ж аралығында өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат ШЖҚ «№8 Қалалық емхана» КМК

Тақырып: Холестерин туралы не білеміз?

Холестерин деген-қан құрамында болатын заттардың ең негізгісі.Холестерин ежелгі грек тілінен аударғанда «қатты өт»деген мағынаны білдіреді. Адам ағзасында холестериннің 80 пайызы бауырда түзіледі,,ал қалған 20 пайызы тамақпен -жануар өнімдерімен түседі

Холестерин ағзаға өте қажет нәрсе:

  • Д3 дәруменін және түрлі гормондар өндіру үшін қажет.
  • клетканың мембранасының құрамына кіреді.

Холестерин екіге бөлінеді:

  • ТЖЛП-тығыздығы жоғары ЛП.
  • ТТЛП-тығыздығы төмен ЛП.
  • ТТЛП нормадан артуы өте қауіпті,өйткені ол тамырлардың қабырғаларына жиналуға бейім.,біртіндеп атеросклеротикалық түйін пайда болып,уақыт өте жүректің ишемиялық ауруына..гипертонияға,инсультке әклелуі мүмкін.

Холестериннің жоғарылау себебі неде?

  • -Аз қозғалу-гиподинамия,артық салмақ,көп майлы тағамдар қолдану

Холестеринді қалыпты деңгейде ұстап тұру үшін:

  • еңбекпен демалысты реттей отырып,дене қимылының белсенділігін арттыру
  • дене салмағын қалпында ұстау
  • шылым шекпеу,дұрыс ұйықтау.
  • бауыр,өт жолдары қызметіне мән беру

Әр адамға холестерин дейгейін білу маңызды,ол үшін жылда скрининг өтіп тұруларыңыз керек.

Бас дәрігердің м.а. А.А.Кундызбаева.
Дайындаған : СӨС дәрігері Джамбаева М.А.

Тақырып: Тұмау

05.01-08.01.аралығында өткен іс-шаралар туралы ақпарат.

Тақырып:Тұмау

Тұмау белгілері:дене қызуының көтерілуі,қалтырау,баспен бұлшық ет,тамақтың ауыруы,жөтел және әлсіздік. Тымау тез өрбиді.

Алдын алу шаралары:

  • науқас адамға бетперде тағу.
  • қолды сабынмен жуу,мұрын және ауыз қуысын тұз ерітіндісі қосылған сумен тазалау.
  • жөтелу әдебін сақтау.
  • түшкіргенде,жөтелгенде мұрын және ауызды бірреттік орамалмен жабу.
  • бөлмені уақытылы желдетіп,ауаны тазарту.
  • салауатты өмір салтын ұстанып,құнарлы тамақтану№

Туберкулез

2023 жылдың 04.01-08.01 аралығындда өткізілген іс-шаралаар туралы ақпарат.

Туберкулез. Алдын -алу жолдары.

Туберкулез ұлттық індетке айналмасын.

Туберкулез ауа арқылы таралатын жұқпалы ауру.Туберкулез ауруы адамнан адамға ауа арқылы жұғатын болғандықтаан туберкулезбен зақымданған науқастар жоғары қауіп тудырады.Науқас сөйлегенде,жөтелгенде немесее қақырық тастағанда қоршаған ортаны тірі бактериямен ластайды.

Туберкулез таяқшалары жұққан адамдардың қорғаныс жүйесі әлсіз болса,олардың туберкулез ауруынаа шалдығу қаупі жоғарлайды.

Иммундық қорғанысты әлсіреттін темекі тарту, қант диабеті, тамақтанудың басқа да бұзылыстары туберкулезбен ауыру қауіпін арттырады.

Туберкулезді анықтау үшін жасөспірімдермен ересектер жылына бір рет флюорография тексеруден өтулеріі қажет.

«Ауырып ем іздегенше,ауырмайтыын жол ізде» Туберкулезден сақтану жолдаары:

  • салауатты өмір салтын ұстау,таза ауада,табиғат аясында көп серуендеу.
  • тазалық сақтау.
  • дұрыс тамақтанып ,зиянды әдеттен бас тарту.
  • дене белсенділігін артыру.

ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ (АУДИТ) ҚЫЗМЕТІ

Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау (аудит) қызметі ҚҰРМЕТТІ ТҰРҒЫНДАР!

Алматы қаласының ШЖҚ «№8 Қалалық емхана» МКК-да «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 58 бабына сәйкес Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау (аудит) қызметі құрылып, жұмыс істейді.

Пациенттерді қолдау қызметінің мақсаты – түйткілді мәселелерді анықтау және медициналық көмектің сапасын әрі қарай жақсарту болып табылады.

ЕГЕР СІЗ:

  • медициналық көмек көрсету сапасына наразы болсаңыз;
  • медициналық персонал тарапынан дөрекі әрекеттеріне тап болсаңыз;
  • тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін медициналық персоналдың ақша алу дерегін көрсеңіз;
  • сондай-ақ медициналық көмек көрсету тәртібі мен сапасына байланысты түйткілді мәселелерге тап болсаңыз, Пациенттерді қолдау қызметіне жүгінуді сұраймыз.

Пациенттерді қолдау қызметі Сіздің өтінішіңізді мүмкіндігінше қысқа мерзімде қарап, нәтижесін назарыңызға ұсынады.

Пациенттерді қолдау қызметіне ем алып жатқан пациенттер, сондай-ақ олардың туыстары да жүгінуге құқылы.

Біздің ұйымның медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін Сіздердің өтініштеріңізге, хаттарыңызға және тілектеріңізге әрдайым риза боламыз.

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ:

  • +7 (727) 373-93-04, кабинет 405, жұмыс уақыты дүйсенбіден жұма аралығында, сағат 8.00-18.00.
  • Емхананың веб-сайтына хабарласуға болады: http: //gp8.kz/
  • Сенім телефоны: +7 (727) 373-10-69

«№8 Қалалық емхана» бойынша Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар туралы акпарат

«№8 Қалалық емхана» бойынша Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар туралы акпарат.

Қазақстандағы 1986 жылғы 16-17 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқандарға №8 Қалалық емханада 14 желтоқсан күні ашық есік ұйымдастырылды.

Қантқа, холестеринге анализдер алынды, ЭКГ, УЗИ өткізіліп, мамандардын қабылдауында болды.

Тізім:

  • Жайнаков Нурдаулет Қызайбекович 1964 ж.
  • Смагулов Канатхан Молдахметович 1966 ж.
  • Габдушев Тлеген Нигметович 1963ж.
  • Смагулова раушан Жумахановна 1967ж.
  • Усканбаева Кулимхан 1965 ж.

Жас ұрпақ бойында еліне деген патриоттық сезімін қалыптастыру мақсатымен мектептерде оқушыларға біріккен сынып сағаттары өткізіліп, Қазақстандағы 1986 жылғы 16-17 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқандар еске алынды, осы күнге арналған спорт жарыстары өткізілді.

Халықтың МӘМС бойынша хабардарлығын арттыру бойынша түсіндіру жұмысы өткізілді

Халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында 24.11.2022 ж. Алмалы ауданы әкімдігінің және «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының мамандарымен бірлесіп МӘМС мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шара Алмалы ауданы әкімінің орынбасары А.С. Бекжанованың, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары Ж. Б. Кенжебаеваның басшылығымен өткізілді. Іс-шараны өткізу кезінде МӘМС бойынша, оның ішінде міндетті төлемдер және жарналарды төлеуден босатылған азаматтардың санаттары және т. б. мәселелер қаралды.

Сондай-ақ емханаға тіркелу тәртібін түсіндіріп, МӘМС жүйесіндегі жұмыс сызбасын және өз мәртебесін анықтауды түсіндірді. Біздің пациенттерді қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап берді. Ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.

Қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру

Бүгін №8 қалалық емхананың ұйымдастыруымен «Қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру» атты әлеуметтік жобасы шеңберінде, емхананың бас дәрігері Фарида Агибаеваның, Алматы қаласы мәслихат депутаты Асия Аканованың және «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ Алматы қалалық филиалының мүшелерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын өтті.

Іс-шараның мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды, белсенді азаматтық ұстанымды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа азаматтық сектор өкілдерін тарту арқылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру.

Кездесуге емхана қызметкерлері қатысты, өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты. Жиын соңында сауалнама жүргізілді.

Республика күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылып

Алматы қ. ҚДСБ «№8 Қалалық емханасы» ШЖҚ МКК 22 қазан күні – Республика күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді. Республика күні – Тәуелсіздігімізді ұлықтайтын ұлттық мереке болғандықтан, емхана бас дәрігері Ф.А.Агибаева жиналған медицина қызметкерлерін құттықтап, жылы лебізін білдірді. Өз сөзінде емхананың бас дәрігері емханадағы жетістіктерді атап өтіп, сол жетістіктерге жетуге өзі үлесін қосқан қызметкерлерді Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың және Денсаулық сақтау министрлігінің атынан берілген наградалармен марапаттады.

Олардың ішінде:

  • Өмірзақова Гүлсім Төлегенқызы – Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың атынан «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
  • Худаярова Анар Ишанкуловна – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрі А.Гинияттың атынан «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
  • Рахимгалиева Асем Мирасовна – «Жыл бухгалтері» ұлттық сертификатымен марапатталды.
  • Ордабек Ерсұлтан Өмірбекұлы – «Жыл маманы» ұлттық сертификатымен марапатталды.
  • Толубаева Гульназ Жукебаевна – «Жыл маманы» ұлттық сертификатымен марапатталды.

Баршаңызды еліміздің әрбір азаматы үшін айтулы мереке – Республика күнімен құттықтаймыз!

СУЫҚ ТИЮДІҢ АЛДЫН АЛУ

КҮЗ КЕЛДІ! Яғни, салқын ауа-райына байланысты суық тию аурулары басталады деген сөз.

ТҰМАУ МЕН ЖРВИ АЛДЫН АЛУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Сырқаттанып қалған адамдармен аз сөйлесуге тырысып, маска киіп жүру қажет.

Тұмау тек ауа тамшыларымен ғана берілмейтінін ескерген жөн, бұл байланыс жолы болуы мүмкін, яғни бұл есік тұтқалары, қоғамдық көліктің тұтқалары арқылы берілуі мүмкін, сондықтан қолды міндетті түрде сабынмен мүмкіндігінше жиі жуу қажет.

Ең сенімді профилактика-тұмауға қарсы вакцинация.

ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯДАН КЕЙІН АДАМ АУЫРЫП ҚАЛУЫ МҮМКІН БЕ?

Белсенді емес (өлтірілген) вакциналарда жоғары тазартылған тұмау вирусының антигендік ақуыздары бар, сондықтан ауыру мүмкін емес, өйткені вакцинада тірі вирус жоқ.

ЖРВИ МЕН ТҰМАУДЫ ҚАЛАЙ ЕМДЕУГЕ БОЛАДЫ?

Науқас адам инфекция көзіне айналады, басқалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмысқа бармау керек, дәрігерді шақыру керек, ұсыныстар алып, үйде емделу керек.

Дербес төлеушілер МӘМС жарналарын өз бетінше қалай төлеуге болады?

Дербес төлеушілер МӘМС жарналарын өз бетінше қалай төлеуге болады?

Дербес төлеушілер МӘМС-ке ЕТЖ-дан 5% мөлшерінде жарна төлейді. 2022 жылы бұл сома 3000 теңгені құрайды.

Дербес төлеушілер үшін МӘМС жарналарын төлеудің екі балама әдісі бар.

  • МӘМС жарналарын ай сайын төлеңіз. Бұл ретте, егер пациенттің алдыңғы 12 ай үшін берешегі болса, оны өтеу қажет.
  • Келесі 12 ай үшін жарналарды төлеңіз (ағымдағы күннен бастап). Бұл жағдайда, егер қарыз болса, оны өтеудің қажеті жоқ.

Жарналарды кез келген банкте, олардың мобильді қосымшаларында және интернет сервистерінде, “Қазпошта” АҚ және төлем терминалдарында төлеуге болады

Дербес төлеушілер үшін МӘМС жарналарын төлеуге арналған деректемелер

  • шот KZ92009MEDS368609103
  • БСН 160440007161

Жолдауын талқылау мақсатында Аманат партиясының мүшелерімен бірлесек іс-шара өткізілді

2022 жылғы 15 қыркүйекте Алматы қаласа №8 Қалалық емхана ұжымында Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына «Әділ мемлекет. Біріккен ұлт. Өркендеген қоғам» Жолдауын талқылау мақсатында Аманат партиясының мүшелерімен бірлесек іс-шара өткізілді.

Жолдауда көрсетілген бағыттар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуге «AMANAT» партиясы Алмалы аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, «KazComfort» ЖШС директоры Асабаев Махамбет Қайпназарұлы, Алматы қ. мәслихатының депутаты Жұмабаев Бақытбек Әшімұлы қатысты. Отырыс барысында талқыға түскен басты тақырып Елбасының бастамасымен қолға алынған бағдарламалар мен мемлекетті одан әрі жаңғыртудың жаңа міндеттері болды. Қасым – Жомарт Тоқаев өз Жолдауында реформаның нақты бағыттарын атап өтті. Соның ішінде баяндамашылар Жолдаудың Мемлекет басшысы денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы жоспарлы өзгерістерді атап көрсеткен бөлігіне ерекше тоқталды.

Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция:

  • Ерікті медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Үкімет денсаулық сақтау саласын және жалпы әлеуметтік саланы қаржыландыру жүйесін қайта қарайды.
  • 2023 жылдан бастап ауыл тұрғындарының сұранысын қанағаттандыруға арналған ұлттық жоба жүзеге асады. Екі жылда еліміздегі 650 елді мекенде медициналық және фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер салынып, қажетті құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етіледі. Осылайша, мемлекет бір миллионнан астам адамның алғашқы медициналық-санитарлық көмек алуына мүмкіндік жасайды.
  • Медициналық жоғары оқу орындарының жанынан көпбейінді ауруханалар және клиникалар ашылады. Алдағы үш жылда резидентураға бөлінетін грант саны 70 пайызға көбейеді.
  • Балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін түпкілікті шешу қажет. Тәрбиешілердің әлеуметтік мәртебесін артып, жалақысы көбейеді.
  • Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасалады. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешіледі.
  • Жемқорлардың заңсыз тапқан қаржысы олар сотталған соң мемлекетке өтіп, түгелдей мектеп құрылысына жұмсалуға тиіс.
  • Жеке білім беру ваучерлерін енгізу жоспарланып отыр. Баланың білім алуына, оның ішінде сыныптан тыс оқуына мемлекет бөлетін қаражат бірыңғай білім беру есепшоттарында жинақталады.
  • Жастардың білім алуына жылдық өсімі 2-3 пайыз болатын жеңілдетілген несие де беріледі.
  • Мемлекет ең төменгі жалақыны айқындаудың жаңа тәсілін енгізеді. Бұл әдіс оның мөлшерін біртіндеп ұлғайтуға мүмкіндік береді. Ең төменгі жалақы деңгейін 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін көтеріледі. Бұл шешім 1,8 миллион азаматтың табысына тікелей әсер етеді.
  • Зейнетақының ең төменгі базалық мөлшерлемесін біртіндеп ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына, ал жоғарғы шегін 120 пайызына жеткізу қажет.
  • Әлеуметтің талап-тілегін ескере отырып, әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде қалдырылады.
  • 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімі үшін төлемақы төлеу мерзімін сәби бір жарым жасқа толғанға дейін ұзартамыз.
  • Әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға жұмыссыз қалғаны үшін төленетін төлемақы орташа айлық табысының 45 пайызына дейін көбейтіледі.
  • Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіледі және оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5% болатын шағын несие беріледі.
  • Балалар жылының аясында «Ұлттық қор – балаларға» атты мүлде жаңа бағдарламаны жүзеге асады. Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударылады. Қаржы әр бала 18 жасқа толғанға дейін аударылып тұрады, оны мерзімінен бұрын есепшоттан шығарып алуға болмайды. Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалатын болады. Жобаны 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асады.
  • Кәсібилік пен еңбекқорлық қоғамымызда жоғары бағалануы керек.
  • Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс.

Жастардың белгілі бір мамандықтың барлық қыр-сырын түсінуге ұмтылуы маңызды, өйткені кәсіби мамандардың еңбегі әрқашан жоғары бағаланады. Біздің мамандар тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де бәсекеге қабілетті болуы керек.

Жолдауда халықтың әл-ауқатын арттыруға, адами капиталдың сапасын арттыруға маңызды рөл берілген. Кездесу барысында сындарлы пікірталас өтті. Бірақ біз жобаларды сәтті жүзеге асырып, елді көркейту үшін әр адам өзінен бастау керек, өз үлесін қосуға тырысу керек екенін ұмытпауымыз керек.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Алмалы ауданындағы №8 қалалық емханада 7 қыркүйек 2022 жылы ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың 1 қыркүйектегі Жолдауын талқылады. Президенттің бұл жолғы жолдауы саяси реформалардың жаңа бағдарламасын жүзеге асыруға және таяу болашақта іске асырылатын бірқатар әлеуметтік-экономикалық шараларға арналған.

Жолдауда Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау мәселелеріне ерекше назар аударды. Президент келесі жылдан бастап ауыл тұрғындарының қажеттіліктеріне бағытталған ұлттық жобаны іске асыруды бастау туралы шешім қабылданғанын атап өтті. «Екі жыл ішінде қазіргі кезде медициналық мекемесі жоқ 650 ауылда медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер салынып, толықтай жабдықталады. Осылайша мемлекет миллионнан аса азаматымызды алғашқы медициналық-санитариялық көмекпен қамтамасыз етеді. Бұл төрт миллионнан аса азаматымыз үшін медициналық қызмет сапасын арттырады», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Бұл-өте өзекті мәселе. Біз, дәрігерлер, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға ат салысуымыз қажет. Сонымен қатар «Біз 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімі үшін төлемақы төлеу мерзімін сәби бір жарым жасқа толғанға дейін ұзартамыз. Балалардың ең маңызды шағында – сәби кезінде ата-аналары жанында көбірек болады», деді Мемлекет басшысы. Президентің айтуынша, әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысып отырғандар үшін жұмысынан айырылу бойынша төлемдер орташа айлық табыстың 45 пайызына дейін өседі.

Сондай-ақ Қазақстан президенті «Ұлттық қор-балаларға» деген бағдарлама ұсынды. «Сол себепті өзім жариялаған Балалар жылы аясында “Ұлттық қор – балаларға” атты түбегейлі жаңа бағдарламаны бастау маңызды деп санаймын. Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50%-ін балалардың арнайы жинақтаушы шотына 18 жасқа толғанға дейін аударуды ұсынамын. Бұл ретте оны мерзімінен бұрын шешіп алуға болмайды», – деді Қ.Тоқаев. Бала кәмелетке толғаннан кейін арнайы шотта жиналған ақша баспана сатып алуға және білім алуға беріледі. “Бұл қаражат өскелең ұрпаққа ересек өмірге нағыз жолдама береді”, – деп санайды мемлекет басшысы. Тоқаев Ұлттық қор шынымен ұлттық деген мәртебеге ие болып, халықтың мүддесіне қызмет ететінін атап өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 60 000-нан 70 000 теңгеге дейін өсетінін хабарлады.
Жолдауда көтерілген ең ерекше әрі маңызды жаңалық – ел Президентінің кезектен тыс сайлауы туралы. Себебі нақты реформаны бастап, жүзеге асыру үшін жеті жыл – жеткілікті уақыт. Одан кейін мәслихат пен Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау науқанында аренаға жаңа кадр, жас буын көбірек шығады деп күтемін. Бізде әлемдік деңгейде білімді, сапалы жастар бар. Халықтың мұң-зарын тыңдай білетін жастар бар. Жаңа толқын депутаттары арасында солардың үлесін молырақ көргім келеді деді,- президент.

Жолдауда жаңалық көп. Енді оның бәрі жүзеге асуы үшін біз жұмыс істеуіміз керек. Жүзеге асыратын өзіміз. Рас, сөзден іске көшу керек.

Семинар барысында сөз алған бас дәрігер Агибаева Фарида Абубакирқызы Жолдауда жаңалық көп. Енді оның бәрі жүзеге асуы үшін біз жұмыс істеуіміз керек.Жүзеге асыратын өзіміз. Рас ,сөзден іске көшу керек.

Білім күні дәстүрлі түрде 1 қыркүйекте атап өтіледі

Бұл мектеп табалдырығын алғаш аттайтын оқушылар, студенттер және барлық педагогикалық ұжым үшін көптен күтетін күн.

Бүгін, Алматы қ.ҚДСБ «№8 Қалалық емхана» ШЖҚ КМК-да бірінші сынып оқушылары мен олардың ата-аналарына арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Құрметті бірінші сынып оқушылары! Бүгін мектеп сендерге есігін айқара ашып отыр, онда білім алып, жарқын оқиғаларды бастан өткересіңдер, достарың пайда болады және алғашқы ұстаздарыңыз сендерге әрдайым қолдау көрсетеді.

Сіздерді Білім күнімен және жаңа қызықты өмірдің басталуымен құттықтаймыз. Барлықтарыңызға мықты денсаулық, өзіне деген сенім, позитив, адал достар, күнделікте ең жоғары бағалар, әрқашан өзің үшін мақтаныш сезімін сезініп, осы жолмен қорқынышсыз, батыл, қыңыр және көңілді жүруді тілейміз.

Әрбір оқу күні оңай және барлық сабақтар өте қызықты болсын, ал алатын білім болашақта мүмкіндігінше пайдалы болады! Сәттілік, шыдамдылық, табандылық және оптимизм!

Мереке құтты болсын, біздің болашағымыз!

Құрметті Алматы қаласының тұрғындаоы!

Алматы ауданында “комирнати” (пфайзер) екпесінің екінші компонентін егу №8 алалық емханасында өтутіндігін хабарлаймыз…

19 маусым – Медицина қызметкері күні

Медицина қызметкерлерінің еңбегі – бұл адамдар және олардың игілігі үшін қызмет ету болып табылады. Медицина қызметкерлері адамға берілген ең үлкен құндылықтар – өмір мен денсаулықты жанқиярлықпен қорғайды.
Қай заманда, қандай қоғамда болмасын медицина қызметкерлері қашанда қадірлі, сыйлы болған.

Жыл сайын Қазақстан Республикасында Медицина қызметкерлерінің күні маусымның үшінші жексенбісінде атап өтіледі. 2022 жылы мереке 19 маусымға түседі.

2022 жылғы 17 маусымда Алматы қ. ҚДБ “№ 8 Қалалық емхана” ШЖҚ КМК медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өткізді, оның барысында емхананың бас дәрігері Агибаева Фарида Абубакировна қызметкерлерді кәсіби мерекемен құттықтап, барлығына денсаулық тіледі, қызметкерлерге адалдығы, ықыласы мен еңбегі, жоғары кәсібилігі мен жауапкершілігі үшін алғыс білдірді.

Іс-шара аясында емхананың үздік қызметкерлері алғыс хаттармен марапатталды.

Іс-шараға қатысушыларды белгілі “Сармат” тобы мен жас орындаушы Нұрмұхамед Дінмұхамед музыкалық туындыларымен және вокалдық қабілеттерімен құттықтап қуантты.

Референдум

Қазахстанда 5 маусымда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты бүкілхалықаралық референдум өтетіні баршамызға мәлім. Осыған орай түсіндіру және қолдау білдіру

мақсатында Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ №8 қалалық емханада жиын өтті.

Іс-шараға медицина қызметкерлері қатысты. Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан Ата Заңға енетін өзгерістер жалпы халықтың қатысуымен өткелі тұр. Осыған орай медицина қызметкерлері арасында да қызу талқыланып, қолдау күшейді.

Жалпы-дәрігерлер бөлімінің меңгерушісі Жұмаәсіл Айгерім – Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының жалпыхалықтық референдум өткізу туралы бастамасына қолдау білдіруіміз керек. Мұндай үлкен шара еліміздегі маңызы бар айтарлықтай оқиға. Сол себепті, баршамыз бірауыздан осы референдумның өтуіне үлес қосып, ойымызды білдіруіміз қажет. Референдум ең алдымен халық үшін маңызды. Өйткені, референдум арқылы енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар шын мәнінде халықтың билігін нығайта түседі. Сонымен бірге, халық өзі өкілеттік беретін Парламенттегі Мәжіліс пен Сенаттағы айырмашылықты ажырата алады. Бұл – «еститін мемлекет» сабақтастығымен дәйектілігін көрсетеді- деп өз ойын білдірді.

12 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕЙІРБИКЕЛЕР КҮНІ

Кеше, 12 мамырда Алматы қаласының №8 емханасында Халықаралық мейірбикелер күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.

Бұл ең мейірімді мамандық өкілдерінің еңбегін атап, оларға алғыс айтып, кәсіби мерекемен құттықтап қана қоймай, осы мамандықтың қазіргі медицинада қаншалықты өзекті және сұранысқа ие екендігіне назар аударуға себеп болды.

«Мейірбикелер күні» мерекесінің пайда болу тарихы 19 ғасырдан бастау алады. Бұл күні Мейірімділік апалы-сіңлілері қызметінің негізін қалаушы Флоренс Найтингейл дүниеге келді. Қырым соғысы кезінде бұл әйел алғаш рет жараланған сарбаздарға күтім жасау қызметін ұйымдастырды, бұл соғыс кезінде өлімнің едәуір төмендеуіне ықпал етті. Ол әлемдегі алғашқы қайырымдылық әпкелер мектебін құру үшін қайырымдылық қорын ұйымдастырды. 1934 жылы халықаралық қор құрылды. Ф.Найтингейл, оның бастамасымен Халықаралық мейірбикелер күні жыл сайынғы мерекеге айналды. Мейірбикесіз медицинаны елестету қиын. Статистикаға сүйенсек, мейірбикелерге барлық күтімнің 80%-ы жүктеледі екен.

Осы атаулы күнді салтанатты түрде мерекелеу емхананың үздік мейірбикесі атағына конкурс өткізу форматында өткізіліп, жүлделі орындар берілді. Оған жалпы практика, акушериялық-гинекологиялық, профилактикалық және консультациялық-диагностикалық бөлімшелердің аға мейірбикелері қатысты. Қатысушылар өздерінің кәсіби қасиеттерін ғана емес, сонымен қатар шығармашылық және креативті өнерлерін де көрсетті.

Конкурс қорытындысы бойынша емхананың бас дәрігері Фарида Абубакировна Агибаева, бас дәрігердің медицина бөлімі жөніндегі орынбасары Жанар Демеухановна Бектлеуова және денсаулық сақтау менеджері Майя Александровна Абабкова құттықтау сөздерін сөйледі. Конкурс жеңімпаздары марапатталды, сондай-ақ қатысушылар мен емхананың басқа да қызметкерлері үшін марапаттау медальдары мен грамоталар түрінде ынталандыру сыйлықтары берілді.

Ел басына қиын-қыстау күн туды

Ел басына қиын-қыстау күн туды. Әлеуметтік мәселелерді арқалап алаңға швққан қарапайым халықтың Бейбіт шеруін пайдаланған лаңкестер ел тыныштығына қол сұғып,қатыгездік әрекеттерге барды.

Мемлекеттік мекемелерді бүлдіріп,құқық қорғау қызметкерлері мен әскерилеріміздің жағасына жармасып,тонап кісі өлтіру сияқты қатыгездіктерге жол берді.Міне , осынау қиын да сын сағатта Президентіміз халыққа өз үндеуін жолдап, абдыраған жұртын сабырға шақырып,бұл сын-қатерді де бірлігіміз бен ынтымағымызды біріктірсек жеңіп шығатынымызды,елдегі әлеуметтік мәселелер болашақты өзінің лайықты шешімін табатынын айтып, шұғыл шешімдер қабылдап,үрейге оранған жұртты сабырға,бірлікке шақырды.

Күшіміздің тек бірлікте екендігін жеткізді. Осы қиын уақытта өздерінің антына берік болып,халықтың жанынан табылған дәрігерлер Президентіміздің саясатын қолдаймызжәне оны жүзеге асыруға өз үлесімізді қосамыз.Бүгін еліміз бойынга Қаралы күн.

Біз Алмалы ауданына қарасты 8-емхана ұжымы лаңкнстермен болған қарулы қақтығыста көз жұмған әскерилер мен полицейлердің және басқа да жақындарынан айырылған отбасыларға қайғырып,көңіл айтамыз.Біз сіздермен біргеміз!Еліміз аман,жұртымыз тыныш болсын!

Біздің еліміз өзінің тәуелсіздігін және бейбіт өмірге қол сұғылмаушылығын дәлелдеді

Бірнеше күн бұрын тәртіпсіздіктерге толы Елде тыныштық қалпына келді. Президенттің нақты және ойластырылған шешімдерінің арқасында қазақстандықтар өздерінің қорғалуы мен қауіпсіздігін сезіне алды. Біздің еліміз өзінің тәуелсіздігін және бейбіт өмірге қол сұғылмаушылығын дәлелдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың дана басшылығымен және оның ұмтылыстарына қолдау көрсете отырып, алдағы экономикалық және әлеуметтік реформалар Қазақстанның бейбітшілік пен келісімде одан әрі дамуына мүмкіндік береді!

“№8 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНА” ШЖҚ КМК ӘКІМШІЛІГІ ШЫНАЙЫ ЛЕБІЗІН БІЛДІРЕДІ

“№8 қалалық емхана” ШЖҚ КМК әкімшілігі террористердің қолынан қаза тапқан күш құрылымдарының қызметкерлерінің отбасыларына шын жүректен көңіл айтады.

Олар Қазақстандағы бейбітшілік пен тыныштықты қорғау бойынша өз борыштарын абыроймен орындады. Біз бүкіл елмен бірге қайғырамыз. Бұл батырлар туралы жарқын және мәңгілік естелік халқымыздың жүрегінде мәңгі қалады.

Жаңа жыл құтты болсын 2022!

Құрметті алматылықтар, жаңа 2022 жылмен құттықтауымызды қабыл алыңыздар! Ол барлығына бақыт, денсаулық, тілектердің орындалуы мен барлық бастамаларына сәттілік әкелсін. Сізге жақындарыңыздың әрқашан жанында болуын және сіз де, олар да ауырмауын тілейміз. Бұл жаңа жыл қуанышты және жарқын сәттер мен әл-ауқатқа толы болсын.

Біз азаматтарды уақытылы, сапалы, кәсіби медициналық көмекпен қамтамасыз етуге міндеттіміз. Біздің жұмыс Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын нығайтуға және сақтауға бағытталған.

Құрметпен, сіздің № 8 БП. Жаңа жыл құтты болсын!

Алматы қаласының 8 Қалалық емханасы Comirnaty (Pfizer) вакцинасымен вакцинациялауға шақырады.

Бұл вакцинаны кім тегін ала алады

  • Жүкті әйелдер 16-дан 37 аптаға дейін
  • Лактация кезіндегі әйелдер-босанғаннан кейінгі кезең аяқталғаннан кейін (42 күннен 2 жасқа дейін).
  • 12 жастан 17 жасқа дейінгі балалар. Вакцинация кезінде жасөспірім 17 жас және 11 айда болса, ол Pfizer ала алады.

Вакцинация күн сайын (демалыссыз) № 8 Қалалық емханада Түркебаев көшесі, 40 ғимарат, 2 қабат, 208 кабинет мекенжайы бойынша, жұмыс күндері сағат 08:00 – 20:00, сенбі және жексенбі күндері сағат 09:00 бастап 18:00 дейін жүргізіледі.

Жоғарыда аталған санаттағы адамдарды Pfizer вакцинациясына алдын ала жазу 3741063, 3912831 телефондары арқылы жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, жоғарыда аталған санатқа кірмейтін адамдар Сomirnaty (Pfizer) вакцинациясын алғысы келсе, оны 7 ҚЕ, 5ҚЕ, 5 ҚКА-да ақылы түрде ала алады.

Бүгінгі таңда ақылы түрде алғысы келетіндердің жазбасы +77272523964 телефоны арқылы жүзеге асырылады.

Вакцинация жөнінде қосымша сұрақтар туындаған жағдайда сіз мына телефондар бойынша хабарласа аласыз: +77089707815.

Алматы дәрігерлері ревакциналаудың ұжымдық иммунитетті күшейтетініне сенімді

Алматы Орталық клиникалық аурухана директорының орынбасары Эльвира Ибрагимова Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында қарашаның үшінші онкүндігінде басталатын азаматтарды қайта вакциналау туралы айтып берді.

Э. Ибрагимованың айтуынша, Алматы дәрігерлері халықты коронавируса қарсы вакцинациялау идеясын қолдайды: әзірге ұжымдық иммунитет толық қалыптаспаған, эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына қарамастан, инфекцияның одан әрі таралу қаупі бар.

Ол COVID-19 оңай өзгеріп, мутацияланатынын және көбейетінін, сондықтан қауіпті екенін еске салды.

Бақылау көрсеткендей, алты айдан кейін вакциналанған антиденелердің деңгейі төмендейді, яғни аурудың ықтималдығы артады.

– Халықты қайта вакциналау алгоритмі бар. Вакциналану ерікті түрде жүреді. Екпені қалада жұмыс істейтін 137 егу пунктінің кез келгенінен алуға болады. Азаматтарға коронавирустың үшінші вакцинациясын вакцинацияның бірінші курсы толық аяқталғаннан кейін 6-9 айдан кейін жасау ұсынылады. Антиденелер деңгейін алдын-ала анықтау қажет емес, – деді ол.

Ревакцинация кезінде «Спутник V», QazVac, Vero Cell вакциналарының қолданыстағы түрлері салынады, қазіргі уақытта қалада олардың жеткілікті саны бар.

Дәрігер ревакцинацияны кез-келген вакцинамен жүргізуге болатындығын атап өтті, бірақ дәрігерлердің ұсыныстарына сәйкес оны басқа түрмен жасаған дұрыс: егер бастапқы вакцина белсенді емес вакцина болса, онда ревакцинацияны векторлық және керісінше жасаған дұрыс. Вакцинаның түріне байланысты ревакцинацияны толық бастапқы вакцинациядан кейін 6-9 айдан кейін жүргізуге болады.

Бірінші кезекте коронавирусқа осал азаматтардың санаттары: медицина қызметкерлері, педагогтар, құқық қорғау органдарының өкілдері және т.б. қайта вакциналана бастайды. Сондай-ақ, Ибрагимованың айтуынша, дәрігерлер иммунитеті әлсіз, созылмалы аурулары бар және қарт адамдарға ревакцинация жасауды ұсынады.

Ревакцинацияға қарсы көрсеткіштер алғашқы вакцинация кезіндегі сияқты, ықтимал жағымсыз реакциялар сияқты.

Сонымен қатар, коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналаудың бірінші курсынан өткен адам тұмауға қарсы егіліп, ревакцинациядан өтуі мүмкін, өйткені бұл мүлдем басқа вакциналар.

Бүгінде бірінші компонентпен 1 002 324 қала тұрғыны егілді, екіншісімен – 940 084. Барлық егілген алматылықтардың 121 018-і 60 жастан асқандар.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының «№8 Қалалық емхана» ШЖҚ МКК-да 12 мамыр – халықаралық медбикелер күні атап өтілді.

2021 жылғы 12 мамырда №8 Қалалық емханада әлем бойынша 150 жылдан астам уақыт бойынша атап өтілетін Халықаралық медбикелер күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шара барлық карантиндік шараларды сақтай отырып, шектеулі жағдайда өтті.

Осындай мерекелі күнде пандемияның салдарынан болған елдегі күрделі ахуалға байланысты тұрғындардың денсаулығын барынша сақтап қалуға тырысып, өзіне артылған сенімге селкеу түсірмей, күн- түн демей дамылсыз еңбек етіп жүрген ақ халатты орта буын қызметкерлеріне барлық мадақ-мақтауларымызды білдірсек артық етпес. Соның ішінде алапат дерттен әлемді тазарту жолында тынымсыз еңбек етіп жүрген №8 Қалалық емхананың мейірбикесі 50 жылдық еңбек өтіліммімен Ахатова Кулжамал Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Болтайұлы Табынбаев төл мерекесімен жеке құттықтап, марапатын табыстады. Бұдан бөлек, барша орта буын қызметкерлеріне мереке қарсаңында өз алғысы мен жылы лебізін білдірді.

Мәртебелі мамандық иесі – медбикелер

2021 жылғы 12 мамырда №8 Қалалық емханада әлем бойынша 150 жылдан астам уақыт бойынша атап өтілетін Халықаралық медбикелер күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шара барлық карантиндік шараларды сақтай отырып, шектеулі жағдайда өтті.

Іс-шараға Алмалы аудандық медициналық ұйымдарының сонымен қатар Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқарма басшысының орынбасары Лаура Мырзағалиқызы медбикелерге өздерінің құттықтау сөздерін білдірдіп,құттықтап, алғыс хат мараппаттады.

Мейірімділіктің символына айналған бұл орта буын қызметкерлерінің еңбегі қашанда құрметке бөленіп келеді. Оған қоса, соңғы жылдары пандемияның салдарынан болған елдегі күрделі ахуалға байланысты тұрғындардың денсаулығын барынша сақтап қалуға тырысып, өзіне артылған сенімге селкеу түсірмей, күн- түн демей дамылсыз еңбек етіп жүрген ақ халатты орта буын қызметкерлеріне барлық мадақ-мақтауларымызды білдірсек артық етпес. Соған орай, қарусыз майданда өзгенің өмірін сақтау үшін өз басын қатерге тігіп, осынау алапат дерттен әлемді тазарту жолында тынымсыз еңбек етіп жүрген мейірбике ісі қызметкерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өкізілді. Алматы қаласының әкімі, әкім орынбасары және Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы атынан алғыс хаттар берілді. Марапатталғандардың қатарында Қалалық кардиология орталығының қызметкері – К.М.Умбетбаева; Қалалық ревматология орталығының қызметкерлері – У.М.Ажмолдаева және Д.Ы.Умирбаева; Қалалық адам ұрпағын өрбіту орталығының қызметкері – А.М. Гапбасова; Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының қызметкерлері – Г.С.Ракишева және К.С.Сыздыкова; №1 Қалалық перзентхананың қызметкері – В.М. Манабаева; №8 Қалалық емхананың қызметкері – Д.А.Тузел; №5 Қалалық емхананың қызметкері – Куантаева Роза Тусипхановна; №3 Қалалық емхананың қызметкерлері – Г.К.Абралова және А.Н.Айту болды.

COVID-19 бойынша тұрғындар үшін ЖАДЫНАМА

ЖАДЫНАМА

COVID-19 – бұл коронавирус тұқымдасының соңғы табылған вирусынан туындаған жұқпалы ауру.

COVID-19 көп таралған белгілеріне дене температурасының көтерілуі, құрғақ жөтел және әлсіздік жатады.

Сирек кездесетін белгілеріне тамақтың ауруы, буын және бұлшықеттің ауыруы, мұрынның бітелуі, бас ауруы, диарея, дәм мен иіс сезудің жоғалуы, аяқ және қол саусақтары терісінің бөртуі немесе түсінің өзгеруі, конъюнктивит жатады. Әдетте, бұл белгілер біртіндеп дамып, әлсіз қалыпта өтеді. Кейбір жұқтырған адамдарда ауру өте жеңіл немесе симптомсыз түрде өтеді.

Сырқаттанғандарың көпшілігі (шамамен 80%) өздігінен қалпына келеді және ауруханаға жатуға мұқтаж болмайды. Шамамен бес жағдайдың біреуінде COVID-19 ауыр түрде, тыныс алу жеткіліксіздігі және басқа да асқынулармен өтіп жатады.

Егде жастағы (қарт) адамдарда, сондай-ақ ілеспелі аурулары бар адамдарда (анамнезінде жүрек және өкпе аурулары, қант диабеті, терең тамыр тромбозы, тромбоэмболия және т.б. бар) аурудың ауыр ағымы жиі кездеседі. Алайда, әрқайсысы COVID-19 жұқтырып, оны ауыр түрде өткеруі әбден мүмкін.

Егер сізде COVID-19 күрделі ағымының пайда болу қаупі бар болса, сіз бекітілген жердегі емхананың учакелік дәрігеріне хабарласуыңыз керек, ол қажет болған жағдайда Сізге тексеріліп, ілеспелі ауруларды емдеуді тағайындайды.

Құрметті Алматы тұрғындары!

Өздігінен ем қабылдамаңыз! Егер Сізде жоғарыда аталған COVID-19 ауруының белгілері пайда болса, онда үйде қалып, емханамен телефон арқылы байланысыңыз. Медициналық ұйымның мобильдік тобы Сізге үйде қызмет көрсетеді!

Құрметпен, Алматы қаласының

Қоғамдық денсаулық басқармасы


Құрметті пациент!

Егер, Сізде немесе отбасыңыздың мүшелерінде келесі белгілер:

  • жөтел;
  • дене температурасының көтерілуі, қалтырап дірілдеу;
  • бас ауруы;
  • ентігу;
  • құсу;
  • диарея пайда болса

Өздігіңнен ем алмаңыз!

Бұл күрделі зардаптарға, тіпті өлімге дейін әкелуі мүмкін.

Үйде болыңыз!

№8 Қалалық емхананың Call-орталығына хабарласыңыз:

  • Call-орталықтың нөмері: 391-28-31
  • Регистратура нөмері: 374-10-62, 374-10-63, 374-10-64, 374-10-65, 374-10-67, 374-10-68, 374-10-69
  • Пациенттерді қолдау қызметі нөмері:242-99-28
  • Сенім телефоны:242-99-33
  • ҚДБ Сенім телефоны:274-79-24
  • WhatsApp нөмері: 8708-970-46-63

Егер Сізде дәрі-дәрмектерді үйге жеткізу жөнінде сұрақтарыңыз болса 8700 088 01 00 нөміріне қоңырау шалыңыз. Егер өзіңізді нашар сезінсеңіз, бізге хабарласыңыз, біз Сізге көмектесеміз!

Өзіңізді қорғаңыз және сау болыңыз!

Құрметпен, Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасы ШЖҚ МКК «№8 қалалық емханасы»

COVID-19 туралы не білуіміз керек?

Коронавирустық инфекция (COVID-19) — SARS CoV-2 коронавирус түрінен жаңа вирустар штаммынан туындайтын жіті инфекциялық ауру, COVID-19 аэрозольды-тамшы және контактілі-тұрмыстық жолмен беріледі.

Короновирустық инфекция:

  • ешқандай белгілерсіз (симптомдардың болмауы);
  • жеңіл респираторлық симптомдардың байқалуымен;
  • кейіннен улану, қантамырларының, өкпенің, жүректің, бүйректің, АІЖ зақымдануымен, асқынулардың даму қаупімен ауыр түрде өтуі мүмкін.

Емханада короновируспен (COVID-19) күресу үшін мобильдік топ құрылған. Егер Сізде суық тию ауруларының белгілері: дене қызуының көтерілуі, жөтел, мұрынның бітуі, тамақтың ауруы, иіс сезі қабілетінің нашарлауы немесе жоғалту пайда болса, онда 8 (701) 690 7678; 8 (707) 578 5472; 8 (727) 2429933; 8(727) 2429930 телефондары бойынша хабарласыңыз.

COVID-19 СИМПТОМСЫЗ ӨТКЕН ЖАҒДАЙДА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Аурудың симптомсыз өтуі SARSCoV-2 РНҚ ПТР-ға талдау жасаған кезде анықталады. Ешқандай шағымдарсыз, клиникалық симптомдарсыз және өкпені тексергенде патологиялық өзгерістерсіз өтеді.

Қазақстан Республикасында КВИ бар пациенттерді диагностикалау мен емдеудің бекітілген клиникалық хаттамасына сәйкес COVID-19 симптомсыз белгілерімен адамдарға арнайы ем жүргізілмейді.

Аурудың симптомсыз ағымына тап болған жағдайда не істеу керек?

  • Үй жағдайында медициналық бақылауда болу қажет
  • Өз учаскелік дәрігерінмен байланыста болу керек
  • Учаскелік дәрігердің барлық нұсқаулықтары мен талаптарын орындау қажет
  • Жалпы жағдайдың өзгерістері туралы дерек учаскелік дәрігерге хабарлау керек (дене қызуы, жөтел, тыныс алудың қиындауы және т.б.)
  • мобильдік топ күнделікті өткізетін бейнеконсультацияға қатысу керек
  • үйде қалып, айналадағылармен контактіде болуды шектеу қажет
  • үйден ШЫҚПАУ керек
  • Сақтық шаралар мен жеке гигиена қағидаларын сақтау керек

Оқшауланудың 10 күніне қарай ПТР-ға қайта тестілеу жүргізілетін болады, нәтижесі теріс болған жағдайда медициналық бақылау алынып тасталады.

Өзіңді және жақындарынды жұқтыру қаупінен қорғау үшін, келесі кеңестерді сақтау керек:

  • Жеке гигиена қағидаларын сақтау, оның ішінде қолды сабынмен жиі және мұқият жуу;
  • Жеке қорғаныс құралдарын пайдалану: қолға арналған спирттік антисептиктер, маска, қолғап және т.б.;
  • Адамдар көп жиналатын жерлерге бармау;
  • Жануарлармен, оның ішінде құстармен контактіде болудан аулақ жүру, шикі және дұрыс піспеген етті тұтынбау;
  • Өзін нашар сезініп тұрған немесе ауру симптомдары байқалатын адамдармен контактіде болудан аулақ жүру;
  • Бөлмені желдетіп тұру;
  • Жөтеліп, түшкіргенде ауыз бен мұрынды орамалмен жабу (ластанған орамалды бірден тастаңыз);
  • Әлеуметтік арақашықтықты сақтау. Адамдардан кем дегенде екі метр алшақтықта жүріңіз.

Құрметті қала тұрғындары назар аударыңыздар!!!

Денсаулық сақтау министрлігінде коронавирусқа қатысты сұрақтар бойынша байланыс-орталығы құрылды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 1406, +7 7172 76 80 43 байланыс-орталығына азаматтар тәулік бойы хабарласып, коронавирустық инфекцияға қатысты кез келген сауалын қоя алады және алдын алу шаралары мен аурудың симптомдары жайлы білуге болады.

Бастың ауыруы, суық тию, кеуде тұсының ауырсынуы, пневмония, қалтырау, дене қызуының көтерілуі, жүрек қағысының жиілеуі, тыныс алудың жиілеуі сынды симптомдарды байқасаңыз, 103 нөмiрiне хабарласыңыз.

Қартттарым асыл қазынам

ЖШҚ №8 қалалық емхана қызметкерелері «Қарттарым асыл қазынам» аттты қалалық қайырымдылық акциясына белсенді түрде ат салысуда. Осы іс шара аясында 15.10.2019ж. қарттарға арналған «Ашық есік» күні өткізілді. Денсаулықтары сыр берген қарияларға дәрігерлік ақыл-кеңестер беріліп, дәрігерлік қамқорлықты қажет ететіндерге емханаың күндізгі емдеу бөлімдеріне жолдама берілсе, кейбіріне ауруханалар мен шипажайда денсаулықтарын жақсарту жөнінде кеңес берілді.

Емханамыздың медициналық қызметкерлері «Ашық есік» күніне келген қарттармен әңгімелесіп, келер жылы ендірілетін Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы, ондағы зейнеткерлер мен қарттардың денсаулығына жасалатын қамқорлықтар, Алматы қаласы бойынша қолға алынып, жүзеге асырылып жатқан «Белсенді ұзақ өмір сүру» бағдарламасының бағыттарын және ауданда осы бағдарлама негізінде ұйымдастырылып жатқан іс шаралармен таныстырды.

Ықыласқа дән риза болды

Алмалы ауданына қарасты ЖШҚ № 8 қалалық емхана ұжымы да Қарттар күніне орай өткізіліп жатқан «Қарттарым қазынам» атты қалалық қайырымдылық акциясына өз үндерін қосуда. Емхана есебінде 900 жасы сексеннен асқан және жастары жүзге жақындаған 35 қарттар есепте тұрады.

Қарттардың денсаулығына, олардың үйдегі күтіміне учаскелік отбасы дәрігерлері ұдайы көңіл бөліп, денсаулықтарын бақылап отырады. Ал емхана дәрігерлерінің бұл жолғы қарттардың үйіне келіп сәлем берулерінің жөні бөлек.

Олар қарттардың қалын сұрап денсаулық жағдайларын білумен қатар, қазан айында ғұмыр тауының сексенінші асуына жетіп отырған қарттарды Халықаралық қарттар күні мерекесімен құттықтап, әрі үй жағдайында комплексті медициналық тексерулер жасап, өздерінің құрметтерін көрсетті. Дәрігерлерінің үйге келіп хал жағдайларын сұрап, мерекелік ықылас танытқандарына емханамыздың аумағында тұратын қарттарымыз дән риза.

Бірыңғай жиынтық төлем азаматтарға не береді?

Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) режимі формалды емес жұмыспен қамтылғандарға жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей-ақ кәсібін жүргізуге мүмкіндік береді.

Табыс табу мақсатында бейресми кәсібін жүргізіп отырған, жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбай, жеке тұлғаларға қызмет көрсететін немесе олардың жұмысын атқаратын, жеке қосалқы шаруашылықтың өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнiмiн жеке тұлғаларға ғана өткізетін жеке тұлғалар БЖТ төлеушілер болып танылады.

БЖТ төлеушілер мынадай мүмкіндіктерді иеленеді:

Бірінші: міндетті медициналық сақтандыру аясында барлық медициналық қызмет түрлеріне қол жеткізе алады. Медициналық ұйымды таңдау құқылы болады.

Екінші: Зейнетақы жүйесінде еңбек өтілін жинап, базалық және жинақталған компоненттер есебінен тиісті көлемде зейнетақы алатын болады. Бұл орайда БЖТ төлеушілердің базалық зейнетақы көлемі еңбек өтіліне сәйкес есептеледі.

Үшінші: міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысады және еңбек ету қабілетінен, асыраушысынан айырылу жағдайларына, жүктілік және босану, жаңа туған нәрестені асырап алу, 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдер алуға құқылы болады.

БЖТ төлеу өз еркімен, қалауымен жүзеге асырылады. Бұл жүйеге қатысу, қатыспау құқығы азаматтың өз шешіміне байланысты болады. Бұл орайда БЖТ төлемегені үшін қандай да бір жауапкершілікке тарту шарасы қарастырылмаған.

БЖТ мөлшері республикалық және облыстық маңызы бар қала тұрғындары үшін – 1 айлық есептік көрсеткішті (2019 жылы 2 525 теңге), басқа елді мекендердің тұрғындары үшін – айлық есептік көрсеткіштің жартысын (2019 жылы 1 262,5 теңге) құрайды (тұрғылықты жерінде тіркелуіне сәйкес).

БТЖ төлеуші салықтық органдарына есеп бермейді.

БТЖ үлесі мынандай:

  • 10% – жеке табыс салығы;
  • 20% – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар;
  • 30% – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарнасы;
  • 40% – Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар.

БЖТ Мемлекеттік корпорацияның есебіне екінші деңгейлі банктер мен Казпошта бөлімшелері және терминалдары, сондай-ақ kaspi.kz мобильдік қосымшасы арқылы төлеуге болады.

БЖТ құрамына кіретін әлеуметтік аударымдарды Мемлекеттік корпорация тиісті әлеуметтік қорларға бөлуді дербес жүзеге асырады.

Төлемдердің мерзімділігі – айына бір рет, бірден тоқсан үшін, алты айға, бір жылға алдын-ала, әркімнің ыңғайына қарай төлеуге болады. Бұл орайда, БЖТ төленетін әрбір айды жеке көрсету қажет.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

05.09.2019 жылы Алматы қаласы №8 қалалық емхананың алдын-алу және әлеуметтік психологиялық көмек бөлімінің қызметкерлері емханаға келушілерге кезекті міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) туралы ақпараттық – түсіндіру жұмысытарын жүргізді. “Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өз мәртебеңді анықта” атты акциясын өткізді.

Бұл акцияның мақсаты – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша ақпаратты әр пациентке жеткізу. Медицина қызметкерлері тұрғындарға МӘМС енгізу туралы, медициналық көмектің түрлері туралы, МӘМС қатысушысы болу туралы сақтандырылған және сақтандырылмаған азаматтар үшін ақпарат берді, сонымен қатар ақпараттық материалдар таратылды.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

Әлеуметтік әділдік және ынтымақтастық – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың (МӘМС) негізгі қағидасы. Әрбір азаматтың денсаулығы үшін жауапкершілік енді адамға, жұмыс берушіге және мемлекетке жүктелген. Қаражат медициналық сақтандыру принциптеріне сәйкес, ортақ жауапкершілік негізінде төленетін болады. МӘМС әлеуметтік әділдік принципіне қарамастан табыстық шегерімдер мөлшерін сапалы денсаулық сақтау үшін барлық сақтандырылған тұлғаларға тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді. Әр адам ем қабылдайтын медициналық ұйымды өзі таңдайды. Медициналық қызметтің сапасын күн сайын бақылауды Қор жүзеге асырып отырады. Қазіргі уақытта «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» жүйесін халыққа түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

06.08.2019 ж. Алматы қаласы №8 Қалалық емхананың Алдын-алу және әлеуметтік психологиялық көмек бөлімінің қызметкерлері емханаға келушілерге МӘМС туралы кезекті ақпараттық түсіндірме жұмысын жүргізді.

Жұмыс барысында ақпараттық-біліми материалдар таратылды.

МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – бұл халықтың денсаулығын сақтау саласындағы мүдделерді әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесі. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қалай жұмыс істейді?

МӘМС мемлекеттің, жұмыс берушінің және әрбір адамның ортақ жауапкершілігіне негізделген. Бұл ретте мемлекет экономикалық белсенді емес халық үшін жарналарды жүзеге асыратын болады. Жұмыс берушілер – жалдамалы жұмыскерлер үшін, салық органдарында тіркелген жұмыскерлер және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар – өздері үшін. Осылайша, қаржылық ресурстарды тиімді бөлу қағидаты әрекет етеді.

МӘМС жүйесінің негізгі қағидаттары:

  • жан-жақтылық;
  • әлеуметтік әділеттілік;
  • ынтымақтастық.
    • Қазіргі таңда «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» жүйесін халыққа түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осыған орай, 01.08.2019 ж. Алматы қаласы «№8 Қалалық емхана» Алдын-алу және әлеуметтік психологиялық көмек бөлімінің қызметкерлері емханаға келушілерге МӘМС туралы ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Басты мақсат – МӘМС жүйесінің негізгі қағидаттарын халыққа тарату.
      Жұмыс барысында ақпараттық-біліми материалдар таратылды.

МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІН ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

Медицина – адамның денсаулығын сақтау мен нығайту, сырқаттарды емдеу мен аурудың алдын алу, адамзат қоғамында ұзақ өмір сүруге жетуді көздейтін тәжірибелік іс-әрекеттің және ғылыми білімдердің жүйесі. Отандық медицина күннен күнге дамып, тың жаңалықтармен толысуда. Атап айтатын болсақ медицинамызда ерекше өзгерістің бірі – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшу.

Қазақстан Республикасы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысушыларға медициналық көмекті 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көрсетеуді көздеп отыр. Осыған орай Алматы қаласы №8 қалалық емхананың Алдын-алу және психологиялық-әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің қызметкерлері 26.07.2019 жылы «MAXIMA» сауда ойын сауық орталығында қала қонақтары мен тұрғындарына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы бірқатар ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізіп қайтты.

Жұмыс барысында қала қонақтары мен тұрғындары МӘМС жүйесіне кімдер қатысады, Қазақстанда қолданыстағы заңнамаға сәйкес төленетін үлес мөлшері қанша, кімдерге мемлекет тарапынан жеңілдік жасалынады және тағы басқа МӘМС жүйесіне қатысты маңызды сұрақтарға жауап алды.

МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ БОЙЫНША ІС-ШАРА

Міндетті медициналық сақтандыру 2017 жылы Қазақстанда басты енгізулердің бірі болды. Медициналық сақтандыру көптеген жылдар бойы санатта ерікті түрде жүзеге асырылған болса, Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыруды енгізу өзімен бірге орасан зор өзгерістер алып келді. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі Қазақстанға заманмен қатар жүруге, сондай-ақ сақтандыру нарығын одан әрі дамытуды ынталандыруға көмектеседі.

Өйткені әлемнің дамыған мемлекеттерінде медициналық сақтандыру қолданылатыны және өмірдің негізгі бөлігі болып табылатыны белгілі. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) – денсаулық сақтау мүддесін әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттік жүйе болып табылады.

Қазіргі таңда «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» жүйесін түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары белсенді жүргізілуде. Осыған орай, 19.07.2019 ж. Алматы қаласы «№8 Қалалық емхана» Алдын-алу және әлеуметтік психологиялық көмек бөлімінің қызметкерлері «Тастақ» базарында тұрғындарға МӘМС туралы ақпараттық түсіндірме жұмысын жүргізді.

Басты мақсат – МӘМС жүйесінің мүмкіндіктерін халық арасына тарату, қалай іске асатыны туралы түсінікті қалыптастыру. Жұмыс барысында ақпараттық-біліми материалдар таратылды.

МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ СҰРАҚТАРЫ БОЙЫНША ХАЛЫҚ АРАСЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу шеңберінде №8 Қалалық емхана медбикелері МӘМС мәселелері бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын күн сайын жүргізуде. Әсіресе емхана маңындағы адамдар көп шоғырланатын жерлерде тұрғындар үшін көрнекілік парақшалар мен ақпараттық жарнамалар таратылып, тұрғындардың көкейіндегі өзекті сұрақ – “МӘМС жарнасынан кім босатылады” деген басты сұраққа жауап берілді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – МӘМС) – бұл ауру, жарақат, жүктілік және босану, мүгедектік және қарттық болған жағдайда халықтың денсаулығын сақтаудағы мүдделерін әлеуметтік қорғау нысаны. ҚР МӘМС туралы Заңына сәйкес Қазақстан азаматтары, ҚР аумағында уақытша немесе тұрақты тұратын заңды тұлғалар мен шетелдіктер МӘМС қорына аударымдар мен жарналар төлеуге міндетті.

Қорға жарналар төлеуден төмендегілер босатылады:

  • балалар;
  • жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыстағы адамдар;
  • зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
  • “Алтын алқа”, “Күміс алқа” алқаларымен марапатталған немесе бұрын “Батыр ана” атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі “Ана даңқы” ордендерімен марапатталған көп балалы аналар;
  • мүгедектер;
  • орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқитын тұлғалар;
  • әскери қызметшілер;
  • арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;
  • құқық қорғау органдарының қызметкерлері.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы түсіндіру жұмыстары қарқынды жалғасуда. 11-ші шілде күні №8 Қалалық емхана медбикелері А.Б. Ортай мен А.Д. Қосаева емхана аумағындағы көшелерде тұрғындарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы түсіндіру, ақпарат беру жұмыстарын жүргізді.

Бүгінде бүкіл әлем денсаулық сақтауды қаржыландырудың үш негізгі үлгісін қолдануда: бюджеттік, сақтандыру және аралас. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – бұл тұрғындарды ауру, жарақат, жүктілік, бала туу, мүгедектік, кәрілік жағдайындағы әлеуметтік қорғау үлгісі. Көптеген дамыған елдер тұрмысы төмен, көмекке мұқтаж адамдарға ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік беретін МӘМС жүйесін таңдаған.

Тұрғындардың көкейінде жүрген негізгі сұрақтар: «МӘМС жүйесі қалай жұмыс істейді? Адам «сақтандырылғандығын» қалай білуіне болады? МӘМС жүйесіне қатысушы қандай қызмет түрлерін ала алады? Мемлекет ӘМСҚ-ға кім үшін жарна төлейді»? Тұрғындар осы және басқа сұрақтарға егжей-тегжейлі жауаптар ала алды. Мұндай маңызды түсіндірме жұмыстары алдағы уақыттарда да жалғасын таба бермек.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша іс-шара

10.07.2019 жылы Алматы қаласы №8 Қалалық емханасының «Алдын-алу және әлеуметтік психологиялық көмек» бөлімінің қызметкерлері «Maxima» ойын-сауық орталығында қала тұрғындары мен қонақтарына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Түсіндіру жұмысы кезінде МӘМС – денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік мүдделерді қорғаудың мемлекеттік жүйесі болып табылатындығы жеткізілді. Бұл жүйе Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік жағдайына, тұрғылықты жерiне және табысына қарамастан медициналық және дәрілік көмекке тең қолжетімділік жасауға кепілдік беретіні туралы, сондай-ақ ауру, жарақат алу, туу және жүктілік, мүгедектік және кәрілік жағдайларында халықтың денсаулығының мүддесін әлеуметтік тұрғыда қорғау нысаны болып табылатындығы жайында айтылды.

Ақпараттық-түсіндірме жұмысының мақсаты – МӘМС жүйесінің мүмкіндіктерін халық арасына тарату, оның қалай іске асатыны туралы ақпарат беру. Сонымен қатар жұмыс барысында ақпараттық-біліми материалдар таратылды.

Міндетті медициналық сақтандырудың негізгі артықшылықтары

Міндетті медициналық сақтандырудың негізгі артықшылықтары

Міндетті медициналық сақтандырудың негізгі артықшылықтарын насихаттау мақсатында 02.07.2019 жылы Алматы қаласы «№8 Қалалық емхананың» Алдын-алу және әлеуметтік психологиялық көмек бөлімінің қызметкерлері қала тұрғындарына ақпараттық түсіндірме жұмысын жүргізді. Түсіндіру жұмыстары кезінде тұрғындар 2020 жылдан бастау алатын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың артықшылықтары мен ерекшеліктері туралы ақпараттар ала алды.

Медициналық сақтандыру қорына жарналар енгізу арқылы, емделушілер қабылдаудан бастап дәрігердің терең тексерулеріне дейін және МӘМС пакеті шеңберінде қымбат операцияларға, кез-келген емханада медициналық қызметтердің барлық түрлеріне қол жеткізе алады. Сақтандырылған азамат жеке оның электрондық денсаулық сақтау жүйесіндегі кабинеті арқылы көрсетілетін медициналық қызметтердің, денсаулық жағдайын, ақылы жарналары туралы барлық ақпаратты көру мүмкіндіктері қарастырылған.

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі қалай жұмыс жасайтын болады?

Жарналар жасалған болса, азамат автоматты түрде сақтандырылған болады. Осылайша, сақтандыру жарналарының ең төменгі мөлшерімен қызметтердің барлық пакетіне қол жеткізе алады. Қор-өз кезегінде, белгілі бір талаптарға сай медициналық қызметтер жеткізушілерімен келісім-шарттар жасап, медициналық көмектің сапасын қатаң бақылай алады.

Қатысушылардың міндетті әлеуметтік медицианлық сақтандыруға төлеген барлық қаражаттары әлеуметтік медициналық сақтандыру (ӘМСҚ) қорына жинақталатын болады. Қор қол қойылған келісім-шарттың шарттарына сәйкес медициналық қызметтер жеткізушілерге төлемдер жасайды. Медициналық сақтандыру жүйесінің мүшелері жеке табыстарына және қорға жинақтаған қаражат көлеміне қарамастан, тең қызметке қол жеткізе алады.

МӘМС жүйесінде сақтандырылған азаматтар қандай медициналық көмек ала алады?

  • Алғашқы медициналық-санитарлық көмек амбулаториялық тегін қамтамасыз етіледі және күндізгі күтім, профилактика, диагностика, аурулар мен жағдайларды емдеу, жүктілік кезеңін бақылау, медициналық манипуляция, т.б. кіреді;
  • мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек, оның ішіне профилактика, диагностика, арнайы техниканы және күрделі медициналық технологияларды пайдалануды талап ететін ауруларды емдеу кіреді;
  • жедел медициналық көмек шұғыл және күттірмейтін жағдайларда медициналық ұйымдардан тыс, ал шұғыл медициналық араласуды қажет ететін жағдайларда (келеңсіз жағдайлар, жарақаттар, улану, күрделі науқастардың кенеттен асқынуы) амбулаторлық немесе стационарлық жағдайда көрсетіледі;
  • жоспарлы медициналық көмек стационарлық жағдайда пациенттің өміріне қауіп төндірмейтін аурулар кезінде көрсетіледі;
  • дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету – амбулаторлық медициналық көмек көрсету кезінде;
  • медбике күтімі – ауру нәтижесінде тұрақты үй көмегіне мұқтаж немесе өздері қамқорлық жасай алмайтын тұлғаларға көмек көрсету
  • Паллиативтік – жазылмайтын, өміріне қауіп төндіретін, ауру барысы ауыр науқасқа шалдыққан пациенттің өмір сапасын барынша жақсартуға бағытталған. Жұмыс барысында тұрғындарға ақпараттық-біліми материалдар таратылды.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін түсіндіру жұмыстары

Медицина – адамдардың денсаулығын сақтау мен нығайту, сырқаттарды емдеу мен аурудың алдын алу, денсаулық және жұмысқа қабілеттілік жағдайында, адамзат қоғамында ұзақ өмір сүруге жетуді көздейтін тәжірибелік іс-әрекеттің және ғылыми білімдердің жүйесі. Медицина күннен күнге дамып, тың жаңалықтармен толысуда. Отандық медицинамызда ерекше озгерістердің бірі – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне көшу.

Осыған орай, 01-шілде күні №8 Қалалық емхана мейірбикелері А.Е.Тастанбаева мен Н.Е.Құдайбергенова емхана жанында орналасқан сауда орталықтарының сатушылары мен келуші тұрғындарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы бірқатар түсіндірме жұмыстарын өткізді. Жұмыс аясында тұрғындар МӘМС жүйесіне кімдер қатыса алады, Қазақстанда қолданыстағы заңнамаға сәйкес төленетін үлес мөлшері қанша, кімдерге мемлекет тарапынан жеңілдік жасалынады және тағы басқа МӘМС жүйесіне қатысты маңызды сұрақтарға жауап ала алды.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне өту – уақыт талабы

Кейде өзін саумын деп санайтын адамның өзі медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болады. Сондықтан мемлекет кезең-кезеңмен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін (бұдан әрі – МӘМС) енгізуде. МӘМС қалай жұмыс істейді? МӘМС жүйесі аясында медициналық көмек көрсету Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен жүзеге асырылатын болады.

Мемлекет Қорға халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобы үшін жарна төлейді, жұмыс берушілер-жалдамалы жұмысшылар үшін, ал қызметкерлер мен өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтар өздері үшін төлейтін болады. Осылайша, жарнаны барлығы төлейді және әрбіреуі өзінің жауапты аймағына, атап айтқанда: мемлекет – денсаулық сақтау жүйесінің дамуына және халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобына қолдау көрсетуге жағдайына (4%), жұмыс берушілер – қызметкерлердің еңбек жағдайына (2%), азаматтар – өз денсаулық жағдайына (5%) және аурулардың алдын алуға жауап береді. Осыдан мемлекет, жұмыс беруші және азаматтар арасында МӘМС жүйесінің ынтымақты жауапкершілік принципі шығады.

Осы принципті халыққа түсіндіру мақсатында Алматы қаласы «№8 Қалалық емхана» Алдын алу және әлеуметтік психологиялық көмек бөлімінің қызметкерлері «Рамстор», «Асыл» сауда орталықтарында және «Тастақ» базарында тұрғындарға ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жұмыс барысында ақпараттық-біліми материалдар таратылды.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

№8 Қалалық емхана қызметкерлері арасында бөлім меңгерушісі Ж.Ж.Сейдалиева МӘМС жұмыстары жайлы семинар өткізді. Семинардын мақсаты медицина қызметкерлерін МӘМС жайлы тұрғындарға ақпарат беру мен сұрақтарына тұжырымды жауап беру дағдыларына үйрету. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) – бұл денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік мүдделерді қорғаудың мемлекеттік жүйесі. МӘМС Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына медициналық және дәрілік көмекті қамтамасыз етеді.

МӘМС жүйесінде сақтандырылған азаматтар қандай медициналық көмекке жүгіне алады?

  • Алғашқы медициналық-санитарлық көмек амбулаторлық және стационарлық жағдайда тегін көрсетіледі. Оған профилактика, диагностика, аурулар мен жағдайларды емдеу, жүктілікті бақылау, медициналық манипуляциялар кіреді.
  • Мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмекке арнайы әдістерді қолдануды және күрделі медициналық технологияларды қажет ететін профилактика, диагностика және емдеу шаралары кіреді.
  • Жедел медициналық көмек шұғыл және күттірмейтін жағдайларда медициналық ұйымдардан тыс, ал шұғыл медициналық араласуды қажет ететін жағдайларда (келеңсіз жағдайлар, жарақаттар, улану, күрделі науқастардың кенеттен асқынуы) амбулаторлық немесе стационарлық жағдайда көрсетіледі.
  • Жоспарлы медициналық көмек стационарлық жағдайда пациенттің өміріне қауіп төндірмейтін аурулар кезінде көрсетіледі.
  • Дәрілік қамтамасыз ету – амбулаторлық-емханалық көмек көрсету кезінде.
  • Мейірбикелік күтім – ауру салдарынан өз-өзіне қызмет ете алмайтын, бөгде адамның әрдайым күтіміне немесе қарауына мұқтаж тұлғаларға.
  • Паллиативтік көмек – жазылмайтын, өміріне қауіп төндіретін, ауру барысы ауыр науқасқа шалдыққан пациенттің өмір сапасын барынша жақсартуға бағытталған.

Мемлекет Сіз үшін келесі жағдайларда төлем жасайды:

егер мына санаттардың біріне кіретін болсаңыз, автоматты түрде медициналық сақтандыру қорының қатысушысы боласыз:

  • балалар;
  • “Алтын алқа”, “Күміс алқа” алқаларымен наградталған немесе бұрын “Батыр ана” атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі “Ана даңқы” ордендерімен наградталған көп балалы аналар;
  • Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оның мүгедектері;
  • мүгедектер;
  • жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;
  • интернат ұйымдарында білім алып және тәрбиеленіп жатқан адамдар;
  • орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ резидентура нысанындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;
  • бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;
  • жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, сондай-ақ бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) іс жүзінде тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар;
  • зейнеткерлер;
  • қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген адамдар;
  • уақытша ұстау изоляторларындағы және тергеу изоляторларындағы адамдар.

Бұған қоса, әскери қызметкерлер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері; құқық қорғау органдарының қызметкерлері жарна төлеуден босатылады, алайда олар ведомстволық жүйе мекемелерінде медициналық қызмет ала алады.

Семинар барысында медицина қызметкерлері МӘМС жүйесіне қатысты маңызды сұрақтарға жауаптар ала алды.

Діни экстремизм және терроризмнің алдын алу

18.06.2019 ж. №8 Қалалық емхана қызметкерлері арасында бүгінгі таңда маңызды мәселелердің бірі болып табылатын деструктивті діни ағымдар, діни экстремизм және терроризмнің алдын алу сияқты мәселелер бойынша ақпарат беру мақсатында ҚР БҒМ Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институты, Дінтану бөлімінің аға ғылыми қызметкері, PhD доктор А.Д. Шагирбаевтың қатысуымен семинар өткізілді.

Қызметкерлер аталған тақырып бойынша мазалаған сұрақтарына қанағаттанарлық жауаптар алып тарқасты.

Міндетті әлеуметтік медицина сақтандыру жүйесіндегі негізгі қағидаларды түсіндіру науқаны

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) – денсаулық сақтау мүддесін әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттік жүйе болып табылады. МӘМС Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік жағдайына, тұрғылықты жерiне және табысына қарамастан медициналық және дәрілік көмекке тең қолжетімділік жасауға кепілдік береді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) – ауру, жарақат алу, туу және жүктілік, мүгедектік және кәрілік жағдайларында халықтың денсаулығының мүддесін әлеуметтік тұрғыда қорғау нысаны. Көптеген дамыған елдер мұқтаждығы артық, тұрмысы төмен адамдарға ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік беретін МӘМС жүйесін таңдаған. Халыққа МӘМС туралы акпарат беру мақсатында «№8 Қалалық емхана» аумағына қарасты сауда орталықтарында қала тұрғындары және қонақтарына МӘМС жөнінде ақпараттық-түсіндірме науқаны жүргізілді. Науқан барысында халықтың қызығушылық танытқан барлық сұрақтарына қанағаттанарлық жауаптар берілді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы іс-шара

Көптеген елдерде сақтандыру медицинасы жұмыс істейді. Атап айтатын болсақ, Түркия, Германия, Жапония елдері әлеуметтік сақтандыру (МӘМС) моделін қолданып келеді. Аталған елдерде медицина өте жоғары деңгейде дамыған. Қазақстан Республикасы МӘМС 2020 жылдың қаңтар айының 1-нен бастап үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып енгізуді жоспарлаған. Сарапшылар міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандырудың (бұдан әрі МӘМС) тиімділігі денсаулықты қорғау мәселелеріндегі мемлекеттің, жұмыс берушінің және азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделеді деп есептейді.

Қазіргі таңда «МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ» жүйесін түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай Алматы қаласы №8 Қалалық емхананың «Алдын алу және әлеуметтік психологиялық көмек» бөлімінің қызметкерлері психолог К.Г. Бексеит пен әлеуметтік қызметкер А.А. Муратова «Рамстор», «Асыл» сауда орталықтарында және «Тастақ» базарында тұрғындарға МӘМС туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мақсаты – МӘМС жүйесінің мүмкіндіктерін халық арасына тарату, қалай іске асатыны туралы түсінікті қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар ақпараттық-біліми материалдар таратылды.

Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында өткізілген ақпараттық-түсіндіру шаралары

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын насихаттау барысында Алматы қаласы №8 Қалалық емханасында тұрғындарға мемлекеттік қызмет түрлеріне «Қазақстан Республикасының E-gov электронды үкімет порталы» арқылы қол жеткізу мүмкіндіктері туралы ақпараттық-түсіндіру шаралары өткізілді. Цифрлық технологияларды пайдалану арқылы халықтың қандай да мемлекеттік қызметтерді арнайы мекемелерге бармай-ақ, үй жағдайында, интернет желісін пайдалана отырып жеңіл алуға болатындығын түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Емхана қызметкерлері емделушілердің бірқатар сұрақтарына жауап беріп, кейбір емделушілердің E-gov электронды порталы арқылы дәрігерге жазылу және үйге шақырту қызметтеріне ұсыныс беру жұмыстарын тәжірибе жүзінде көрсетті.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) – бұл тұрғындар денсаулығын жақсарту саласында халық мүддесін әлеуметтік тұрғыда қорғайтын мемлекеттік жүйе.

Осы жүйе барысында №8 қалалық емхананың қызмет аумағына қарасты «Жұлдыз» сауда орталығында халыққа МӘМС жүйесіне қатысушы қандай медициналық қызмет түрлерін ала алатындығы, мемлекет әлеуметтік медициналық сақтандыруға кім үшін жарна төлейтіні, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне аударымдар мен жарналар жинау қалай жүргізіледі, МӘМС жағдайында медициналық қызмет сапасын бағалау қалай жүзеге асырылады деген сияқты сұрақтарға жауап беріліп, түсіндіру шаралары жүргізілді.

Құрметті алматылықтар!

2019 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы өтеді.

Сайлауға қатысу әрбір қазақстандықтың құқығы әрі азаматтық жауапкершілігі. Біздің еліміздің болашағы Сіздің дауысыңызға байланысты.

Өзіңізді және жақындарыңызды сайлаушылар тізімінен дәл қазір тексеріп көріңіз! Бұл мүмкіндік туралы өзгелерге айтып беріңіз!

Өту үшін сілтеме: https://www.almaty.gov.kz

Жетістіктер Алғыстар

ЖетістіктерХалықтың алғысы

Жетістіктер Алғыстар

Құрылтайынан бері қол жеткізген жетістіктер

Оң нәтижелер

Халықаралық тәжірибе


Марапаттар

2014 жыл

Қазақстан Республикасының ұлттық-іскерлік рейтингі

Қазақстан Республикасы статистикалық және қаржы-экономикалық көрсеткіштер бойынша рейтингті жүргізді.

1. Ұлттық сертификат «ГОСУДАРСТВЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ ГОДА 2014»

2. Ұлттық сертификат «СПЕЦИАЛИСТ ГОДА 2014 В СФЕРЕ «ФИНАНСЫ И АУДИТ»

3. Ұлттық сертификат «Специалист года -2014»

4. Орден «ЗАСЛУЖЕННЫЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ РАБОТНИК

2015 жыл

Қазақстан Республикасының ұлттық-іскерлік рейтингі

Статистикалық және қаржылық-экономикалық көрсеткіштерге негізделген рейтинг.

Атақ «Leader of the branch 2015»!

2015 жыл

Қазақстандағы 2015 жылдың алғашқы 6 айында денсаулық сақтауды дамыту деңгейі бойынша өңірлердің рейтингі

2015 жылдың 6 айындағы ересектерге арналған емхана

9 орын

2018 жыл

Емхана аккредитациялаудан өтті

Ұлттық стандарттарға сәйкестікке

3 жыл бойына бірінші категорияны иемденді

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа үлгісі

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа үлгісі

Толығырақ…

Сау болу – сәнді!

Жыл сайын 7 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық күні аталып өтеді. Осыған орай салауатты өмір салтын насихаттау барысында №8 Қалалық емханада «Ашық есік» күні өтті.

Адам денсаулығының деңгейі денсаулық сақтау саласы мен медициналық қызмет көрсету деңгейінің тек 8 – 10% – ын ғана құрайды.

Көптеген басқа факторлар яғни экологиялық, экономикалық, әлеуметтік, эндемиялық жағдай, қалыптасқан мінез – құлық әдеттері, тамақтану мәдениеті, тұқымқуалаушылық және адамдардың өзіне, өз денсаулықтарына қарым – қатынасы арқылы қалыптасады.

Осыған орай біздің мақсатымыз аурулардың алдын алу, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі денсаулық үшін пайдалы екендігін халыққа жеткізу және хабардар ету.

Бейімді денсаулық мектептерінде ата – аналарға, жасөспірімдерге, жастарға, егде адамдарға дене белсенділігінің қандай артықшылығы бар, дұрыс тамақтану сияқты сұрақтарға кеңестер берілді. Ашық есік күні «Өмір – қозғалыс» флешмобымен аяқталды.

Қызылшаға қарсы қосымша егу

Қызылша – вируспен шақыртылатын, жұқпа ауруы. Қызылшаның симптомдары – бөртпе, жөтел, тұмау, көздер ішінің қызаруы, дене қызуының көтерілуі. Ауру келесі шиеленіспен қауіпті: пневмония, бұлық, діріл, орталық жүйке жүйесінің бұзылуымен. Өлім жағдайы болуы мүмкін. Қызылша вирусы қарым-қатынас жасағаннан кейін ауа тамшы жолымен табысталады. Егу жасау – қызылшадан сақтанудың бір ғана тісілі Кім? · 15-19 жастағы барлық тұлғалар алдын ала алған егулерге тәуелсіз және егу жасауға қайшы келмейтін жағдайдың болмауында. Қашан? · 2015 жылдың 1 қазанынан бастап.

(more…)

Егу дегеніміз не және ол не үшін қажет?

Егу деген не екендігін замануи ата-аналардың барлығы біледі, бірақ егу жасар алдында барлығында күмән туатыны сөзсіз. Бұл таңқалдырар нәрсе емес, өйткені қазіргі уақытта балаларды егулермен қорғайтын жұқпалы аурулармен кездескендер аз. 30-40 жыл бұрын ата-аналарға қызылша мен дифтерия аурулары қорқынышты екендігін түсіндіру керек жқ болған, аталған жұқпалардан балалар өлімінің себептері өте көп болған. Ал көкжөтел, кез келген қала мен ауыл аулаларында естілген.

(more…)

2. 2015 жылдың 1 қазанынан бастап 15-19 жастағы халықты қызылшаға қарсы қосымша егу

Қызылшаға қарсы қосымша егу қызылша ауруынан және мынадай асқынулардан қорғайды: Соқырлық энцефалит (бас миының ісігін болдыратын жұқпа), алдағы уақытта ол жадының нашарлауына, ақыл-ой кемтарлығын, психиканың бұзылуына апарып соғады; қатты су аздығымен қиын диарея; құлақ жұқпалы ауыруы; пневмония сияқты ауыр респираторлық жұқпалары.

(more…)

Хабарландырулар Ашық есік күні!

Құрметті тұрғындар!

04.04.2019 ж. Денсаулық күніне орайластырылып невропатолог, гинеколог, диетолог, кардиолог, ревматолог және С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің педиатр, пульмонолог, жалпы тәжірибе дәрігері, Қазақ-Ресей медициналық университетінің балалар невропатологы мамандарының қатысуымен Ашық есік күні өткізіледі.

Өткізу орны: Алматы қаласы ҚДБ ШЖҚ «№8 Қалалық емхана» МКК

  • Жалпы тәжірибелік дәрігер кабинет №101/1
  • Кардиолог кабинет №429/2
  • Невропатолог кабинет №418
  • Балалар невропатолог кабинет №101/7
  • Гинеколог кабинет №101/8
  • Педиатр, диетолог кабинет №106
  • Пульмонолог кабинет №429/3
  • Ревматолог кабинет №429/1

Өткізу күні: 04.04.2019.ж.

Өткізу уақыты: сағат 10.00 – 14.00-ге дейін

Жедел ішек Инфекциясының алдын алу жөнінде Кеңестер

Қарапайым Кеңестерді ұстану Сіз бен отбасыңыздың Денсаулығын сақтайды!

Жедел ішек инфекциясы (ЖІИ) – Ас қорыту жолдарын зақымдайтын инфекциялық аурулар тобы. ЖІИ қоздырғыштар өте төзімді және ұзақ уақыт топырақта,суда,сондай-ақ қасық,тәрелке,есіктің тұтқасы,ойншық және т.б. заттарда сақталуы мүмкін. Микробтар суда,сүтте,сүтті өнімдерде,салаттарда және басқа да тез бұзылатын азық-түліктерде көбейеді.

(more…)

Бос орындар

Специальность

Количество вакантных мест

1

Врач педиатрического участка

2 человек

2

Врач физиотерапевт

1 человек

3

Врач невропотолог

1 человек

4

Врач клинический фармаколог

1 человек

5

ВОП медсестра

8 человек

6

ВОП врач

3 человек

  • Наименование Предприятия: КГП на ПХВ «Городская поликлиника №8» УЗ г.Алматы.
  • Почтовый адрес: индекс 050009, Республика Казахстан, город Алматы, 050009, Алмалинский район, улица Туркебаева, дом 40.
  • Телефон: 8 (727) 242-99-31.
  • Электронная почта: priemnaya@gp8.kz

«Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты»

Өз сөзінде Мемлекет бас¬шысы Nur Otan партиясының кезекті XVIII съезінде Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне өткенін ерекше атап өтті. Ел Президенті алдағы 10 жыл мемлекетіміздің дамыған 30 ел қатарына қосылуы үшін шешуші кезеңге айналатынын баса айтты.

Біздің басты басымдығы¬мыз – азаматтарымыздың тұрмыс сапасын арттыру және Қазақстан¬ды әлеуметтік бағдарланған мемлекет ретінде дамыту. Елбасымыз азаматтардың лайықты өмір сүру деңгейін әлеуметтік қамтамасыз ету жөніндегі негізгі үш бағыт бойынша, яғни, табысы аз халықты қолдау; табысы төмен азаматтардың тұрғын үй мәселелерін шешу және білім беру мен денсаулық сақтау салаларын жақсарту; өңірлерді кешенді дамыту бойынша жүзеге асырылатын нақты мақсаттар мен жобалар белгіленгенін атап өтті.

Осыған орай 19.03.2019ж. Алмалы аудандық «Nur Otan» партиясы өкілдері мен Алматы қаласының №8 Қалалық емхана қызметкерлері «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты «Nur Otan» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасы аясында Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» атты жаңа әлеуметтік шараларын талқылады. Жиынды «Nur Otan» партиясы Алмалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлбисенов Ерлан Ибрагимұлы ашып, жүргізді және өткен 20 жыл ішінде Қазақстанның қол жеткізген жетістіктерін айтып, елімізде болған барлық оң өзгерістердегі «Nur Otan» партиясының рөлі ерекше екенін атап өтті.

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жастардың әлеуетін дамыту, жастар арасында патриоттық деңгейін арттыру бойынша жүйелі шаралар көзделгенін атап өтті. «Nur Otan» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасы туралы баяндама жасап, көпбалалы отбасылар мемлекет тарапынан қандай көмек алуға болатынын және ол үшін әлеуметтік әл-ауқат бөліміне құжаттарды қалай рәсімдеу керек екені жайлы ақпарат берді. Жиын соңында қызметкерлерден сұрақтар қойылып, сәйкесінше жауаптар берілді.

«Жүрегіңе қамқор бол!» Ашық есік күні

Құрметті тұрғындар!

14.03.2019ж. Жоғары санаттағы дәрігер кардиолог А.Б. Менлибаеваның қатысуымен Ашық есік күні өткізіледі. Іс-шара барысында барлық тұрғындар дәрігер кардиолог кеңесін ала алады, қан қысымын және қандағы холестеринді өлшей алады.

Өткізу орны: Алматы қаласы ҚДБ ШЖҚ «№8 Қалалық емхана» МКК №106 кабинет.

Өткізу күні: 14.03.2019.ж.

Өткізу уақыты: сағат 09.00 – 12.00-ге дейін.

«ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ» СЕМИНАРЫ

“Цифрлық Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасы аясында 06.03.2019 ж. Алматы қаласы №8 Қалалық емханасында Алмалы ауданына қарасты Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен бірлесе ұйымдастырылған «Қазақстан Республикасының E-gov электронды үкімет порталы» туралы «Цифрлық сауаттылықты арттыру» атты ақпаратты-танымдық семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты – цифрлық технологияларды пайдалану арқылы халықтың қандай да мемлекеттік қызметтерді арнайы мекемелерге бармай-ақ, үй жағдайында, интернет желісін пайдалана отырып жеңіл алуға болатындығын түсіндіру.

Алмалы ауданына қарасты Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері Суранчиев Бақытжан мырза мен Муртазин Саян мырза семинар барысында емхана қызметкерлері мен емделушілердің бірқатар сұрақтарына жауап беріп, кейбір емделушілердің анықтама қағаздарын E-gov электронды порталы арқылы шығарып, тәжірибе жүзінде көрсетті.

Хабарландыру Ашық есік күні!

Құрметті тұрғындар!

06.03.2019ж.  Халықаралық әйелдер күні – 8 наурызға арналған дәрігер хирург, гинеколог, репродуктолог, диетолог, кардиолог және С.Д. Асендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің пульмонолог, жалпы тәжірибе дәрігері, ревматолог, Қазақстан-Ресей медициналық университетінің невропатолог, эндокринолог мамандары қатысауымен ашық есік күні өткізіледі.

Өткізу орны: Алматы қаласы ҚДБ ШЖҚ «№8 Қалалық емхана» МКК

  • Жалпы тәжірибелік дәрігер кабинет №101/1;
  • Кардиолог кабинет №101/4;
  • Хирург кабинет №101/6;
  • Невропатолог, эндокринолог кабинет №101/7;
  • Гинеколог, репродуктолог кабинет №101/8;
  • Пульмонолог, ревматолог, диетолог №106;
  • СӨС маманы, психолог кабинет №100.

Өткізу күні: 06.03.2019.ж.

Өткізу уақыты: сағат 10.00 – 14.00-ге дейін

«Наурыз» мерекесі қарсаңында «Ашық есік күні» акциясы

Құрметті тұрғындар!

19.03.2013 «Наурыз мейрамы» мерекесіне арналған хирург, уролог, гинеколог, диетолог және Д.С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің пульмонолог, жалпы тәжірибе дәрігері, ревматолог, педиатр, балалар хирург мамандарының қатысуымен ашық есік күні өткізіледі

Өткізу орны: Алматы қаласы ҚДБ ШЖҚ «№8 Қалалық емхана» МКК
1 қабатта:

  • Жалпы тәжірибелік дәрігер, СӨС маманы, психолог №101/1;
  • Балалар хирургы кабинет №101/6;
  • Невропатолог кабинет №101/7;
  • Гинеколог кабинет №101/8;
  • Педиатр, диетолог №106;

3 қабатта:

  • Уролог кабинет №300;
  • Үлкендер хирургы кабинет №306;

4 қабатта:

  • Пульмонолог, ревматолог №429/3

Өткізу күні: 19.03.2019.ж.

Өткізу уақыты: сағат 09.00 – 13.00-ге дейін

Пациенттердің құқықтары

Пациент құқылы:

  • диагностика, емдеу және күтім жасау процесінде өзіне лайықты ілтипат жасалып, өзінің мәдени және жеке басының құндылықтарына құрмет көрсетілуіне;
  • қандайда бір кемсітушілік факторларының ықпалынсыз, тек қана медициналық критерийлер негізінде айқындалатын кезектілікпен медициналық көмек алуға;
  • дәрігерді немесе медициналық ұйымды, оның ішінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек көрсететін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында қызметін жүзеге асыратын шетелдік дәрігерді таңдауға, ауыстыруға және медициналық ұйымда аудио- және (немесе) бейнебақылау және жазба жүргізілетіндігі туралы хабарландырылуына;
  • отбасының, туыстары мен достарының, сондай-ақ діни бірлестіктер қызметшілерінің тарапынан қолдау көрсетілуге;
  • медициналық технологиялардың қазіргі деңгейі қандай мүмкіндік берсе, сондай шамада дерт зардабының жеңілдетілуіне;
  • өзінің денсаулық жағдайы туралы тәуелсіз пікір естуге және консилиум өткізілуіне;
  • Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтары болады;
  • Көру және (немесе) есту қабілеттері бұзылған адамдар үшін қолжетімділігі ескеріле отырып, пациенттің өз құқықтары мен міндеттері туралы, көрсетілетін қызметтер, көрсетілетін ақылы қызметтердің құны, олардың ұсынылу тәртібі туралы ақпаратты алуға құқығы бар;
  • Медициналық көмек хабардар етілген пациенттің ерікті түрдегі ауызша немесе жазбаша келісімі алынғаннан кейін көрсетілуге тиіс. Инвазиялық араласулар кезінде пациенттің ерікті түрдегі жазбаша келісімі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жасалады;
  • Пациент медициналық көмек алу кезінде ұсынылатын және баламалы емдеу әдістерінің ықтимал қатері мен артықшылықтары туралы деректерді, емделуден бас тартудың ықтимал салдарлары туралы мәліметтерді, пациентке түсінікті болатын нысандағы диагноз, емдік іс-шаралардың болжамы мен жоспары туралы ақпаратты қоса алғанда, өз денсаулығының жай-күйі туралы толық ақпаратты алуға, сондай-ақ оны үйге шығару немесе басқа медициналық ұйымға ауыстыру себептері туралы түсінік алуына құқығы бар;
  • Пациент өз денсаулығының жай-күйі туралы ақпаратты хабарлау қажет болатын адамды тағайындай алады. Пациенттің ақпарат алудан бас тартуы жазбаша ресімделеді және медициналық құжаттамаға енгізіледі;
  • Егер медициналық апараттың берілуі пациентке пайдасын тигізбейтіні былай тұрсын, елеулі зиянын да тигізеді деуге кесімді негіз болса ғана ақпарат пациенттен жасырылуы мүмкін. Мұндай жағдайда осы ақпарат пациенттің жұбайына (зайыбына), оның жақын туыстарына немесе заңды өкілдеріне хабарланады;
  • Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникалық базалары жағдайында медициналық көмек алатын пациенттердің оқу процесіне қатысудан, сондай-ақ емдік-диагностикалық рәсімдердің өткізілуі кезінде үшінші тұлғалардың қатысуынан бас тартуға құқығы бар;
  • Пациенттердің құқықтарын қорғауды денсаулық сақтау органдары, ұйымдары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;
  • Пациенттің медициналық көмек алу кезінде тағайындалған дәрілік зат туралы толық ақпарат алуға құқығы бар;
  • Некелесетін азаматтардың медициналық және медициналық-генетикалық зерттеп-қаралуға құқығы бар.

Пациенттердің міндеттері:

Пациент міндетті:

  • өз денсаулығын сақтаудың қамын жасауға;
  • өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға шаралар қолдануға;
  • медицина қызметкерлерімен қатынаста сыйластық пен сабырлылық көрсетуге;
  • диагноз қою және ауруды емдеу үшін қажетті бүкіл ақпаратты дәрігерге хабарлауға, медициналық араласуға келісім бергеннен кейін емдеуші дәрігердің барлық нұсқамаларын мүлтіксіз орындауға;
  • диагностика мен емдеу процесінде, сондай-ақ айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар не оларға күдік пайда болған жағдайларда, өз денсаулығы жай-күйінің өзгерісі туралы медицина қызметкерлерін уақтылы хабардар етуге;
  • Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өтуге;
  • емхананың қолданыстағы режимін, ішкі тәртібінің қағидаларын сақтауға және мүлкіне ұқыпты қарауға, медициналық көмек алу кезінде медицина персоналымен ынтамақтастықта болуға;
  • медицина қызметкерлерінің, денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарының жеке және қоғамдық денсаулыққа қатысты нұсқамаларын орындауға;
  • өз денсаулығын және айналасындағылардың денсаулығын сақтау жөніндегі сақтық шараларын орындауға, медициналық ұйымдардың талап етуі бойынша зерттеп-қараудан өтуге және емделуге, инфекциялық аурулар мен айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде өзінің ауруы туралы медициналық персоналға хабарлауға міндетті;
  • Жүкті әйелдер жүктіліктің он екі аптасына дейінгі мерзімде медициналық есепке тұруға міндетті;
  • Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар денсаулық сақтау саласында Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей міндеттілікте болады;
  • “Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар төлеуге;
  • басқа пациенттердің құқықтарын бұзатын іс-әрекеттер жасамауға;
  • Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға;
  • медициналық ұйыммен жасалған шартқа сәйкес амбулаториялық деңгейде медициналық және дәрілік көмек алу кезінде тағайындалған барлық нұсқамаларды орындауға міндетті.

Анықтама: «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі

Денсаулық сақтау саласын цифрландыру

Денсаулық сақтау саласын цифрландыру бойынша Жол картаның шеңберінде Алматы қаласының ШЖҚ «№8 Қалалық емхана» МКК Медициналық ақпараттық жүйеге өтуді жүзеге асырмақ. Денсаулық сақтау саласын цифрландыру медицина қызметкерлері еңбегінің нәтижелілігін арттыруға және халықтың медициналық…

(more…)

Менингококк инфекциясы

Менингококк инфекциясы – басқа аурулардан күрделі ағымымен ерекшеленетін, сондай-ақ жоғары өлім-жітім көрсеткішімен аяқталатын түрлі клиникалық белгілері бар айтарлықтай күрделі жіті жұқпалы аурулардың бірі.
Инфекцияның қауіптілігі – жоғары өлім-жітім қаупіне әкелетін күрделі ауру формасын тез әрі кенеттен дамытып, баланың әрі қарай жүйке-психикалық дамуына кері әсерін тигізуінде.
Жұқтыру көзі сырқаттанған адам немесе менингококк инфекциясын тасымалдаушы «сау» адам болуы мүмкін.
(more…)

Менингококты инфекцияны алдын-алу

21 – ші мамыр күні №58, 167, 67 орта білім беру мектептерінде №8 қалалық емхана мектеп мейірбикесі жалпы медицина факультеті 4 курс, 047к – 1,2 топттарының студенттерімен қазіргі «Менингококкті инфекцияның» таралуына байланысты оқушылар арсында тексеру жасап, инфекцияның клиникасын түсіндіріп, сақтану…

(more…)

Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күніне орай өткізілген салтанатты іс-шара

2018 жылғы 04 мамырда Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күніне орай Алмалы ауданының медициналық ұйымдары Қалалық кардиологиялық орталық және №8 Қалалық емхананың базасында Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін салтанатты іс-шара ұйымдастырды…

(more…)

Вакциналар Сізді және айналаңыздағы адамдарды қауіпті аурулардан қорғау үшін жұмыс істейді!

2018 жылғы 23 сәуірден бастап 29 сәуір аралығында өткізілген Бүкіләлемдік иммундау апталығында Алматы қаласының ШЖҚ «№8 Қалалық емхана» МКК мектеп мейірбикелері №62, 74, 167 білім беретін мектептерінің оқушылары арасында вакцина егу арқылы белсенді түрде иммундық профилактика жүргізді.

Вакцинация ең жақсы қорғаныс!

Еуропалық иммундау апталығының шеңберінде мектеп мейірбикесі «Вакцинация ең жақсы қорғаныс!» тақырыбында №75 мектеп оқушыларымен оқыту семинарын өткізді, балаларға анимациялық танымдық бейнероликтер көрсетілді.

Қызметкерлерге арналған семинар

2018 жылғы 27 сәуірде Алматы қаласының штаттан тыс бас пульмонолог маманы С.М.Ералиев №8 Қалалық емхананың қызметкерлері үшін «Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы кезіндегі бронхолитикалық терапия: тағайындау критерийлері» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Үздік мейірбике!

12 мамыр – бүкіл әлемде мейірбикелер атап өтетін Халықаралық мейірбикелер күні болып табылады. Жыл сайын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы белгілейтін осы жылдың ұраны – «Мейірбике: кәсіби даму траекториясы» деп аталды.

(more…)

Біз таза қала үшін!

2018 жылғы 21 сәуірде Алматы қаласы №8 Қалалық емхананың қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке қатысты. Сенбілік кезінде 40 метр арық желілері, 36,02 шаршы метр аумақ тазартылды, шамамен 15 көшет және 185 гүл отырғызылды.

Бүкіләлемдік денсаулық күні

7 сәуірде Бүкіләлемдік денсаулық күні және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 70 жылдығы атап өтіледі. Осы жағдай бойынша, Алматы қаласының №8 Қалалық емханасында Бүкіләлемдік денсаулық күніне арналған Ашық есік күні өткізілді.

(more…)

Наурыз мейрамы

2018 жылғы 14 сәуірде Алматы қаласы №8 Қалалық емхананың ауласында Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Емхананың барлық бөлімшелерінің қызметкерлері арасында конкурстар өткізілді.

(more…)