2018 жылғы 14 сәуірде Алматы қаласы №8 Қалалық емхананың ауласында Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Емхананың барлық бөлімшелерінің қызметкерлері арасында конкурстар өткізілді.
Дәрігерлер мен мейірбикелер ұлттық тағамдар әзірлеп, ұлттық салт-дәстүрлердің ерекшеліктерін айтып көрсетті, сонымен қатар өздерінің қолөнерлерімен таныстырып шықты. Бірінші орынды әйелдер кеңесінің қызметкерлері иеленді, екінші орынды №4 және №2 жалпы дәрігерлік практика бөлімшесінің қызметкерлері алды, ал үшінші орынға №3 жалпы дәрігерлік практика бөлімшесі мен №2 консультациялық-диагностикалық бөлімшесінің қызметкерлері ие болды.