2018 жылғы 04 мамырда Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күніне орай Алмалы ауданының медициналық ұйымдары Қалалық кардиологиялық орталық және №8 Қалалық емхананың базасында Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін салтанатты іс-шара ұйымдастырды.
Орталықта Алмалы ауданындағы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне диагностикалық зерттеулер өткізіліп, консультациялар берілді: 1935 ж.т. Т.Н. Рябоваға, 1931 ж.т. Л.П.Пушинаға, 1928 ж.т. Т.И.Рябченкоға, 1929 ж.т. С.Н.Леоноваға.
Алмалы ауданының үлестірушісі Ф.Ә. Ағыбаева және Қалалық кардиологиялық орталықтың директоры А.Т. Қодасбаев Алмалы ауданындағы Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтап, оларға зор денсаулық, бақыт және бейбіт өмір тіледі.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта стационарда ем алып жатқан Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларды да құттықтады. Олардың ішінде: еңбек майданының қатысушысы 1936 ж.т. А.М.Коптелый; еңбек майданының қатысушысы, соғысқа қатысушының жесір әйелі 1929 ж.т. П.И.Лукьянова.
Пациенттер көрсетілген медициналық көмекке және орталықтың персоналы тарапынан білдірген ықылас үшін өз алғыстарын айтты.