12 мамыр – бүкіл әлемде мейірбикелер атап өтетін Халықаралық мейірбикелер күні болып табылады. Жыл сайын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы белгілейтін осы жылдың ұраны – «Мейірбике: кәсіби даму траекториясы» деп аталды.
Мейрам қарсаңында, Алмалы ауданында 2018 жылғы 26 сәуірде мейірбикелер арасында және 2018 жылғы 27 сәуірде аудандағы Медициналық жедел жәрдем станциясының фельдшерлері арасында конкурстар өткізілді.
Конкурс мейірбикелердің, акушерлердің және фельдшерлердің кәсіби деңгейін жетілдіру, сондай-ақ кәсіптерінің мәртебесін жоғарылату мақсатында өткізіледі. «Үздік мейірбике» конкурсының қорытындылары бойынша:
- орынды Камила Әшірбекқызы Нұрходжаева иеленді, ШЖҚ «Қалалық кардиологиялық орталық» МКК;
- орынды Эльмира Болысбекқызы Шымырқұлова иеленді, ШЖҚ «№5 Қалалық емхана» МКК;
- орынды Раиса Владимировна Газиева иеленді, ШЖҚ «Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы» МКК.
«Халықаралық мейірбикелер күніне» арналған қалалық конкурсқа қатысу үшін Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасына ШЖҚ «Қалалық кардиологиялық орталық» МКК мейірбикесі Камила Әшірбекқызы Нұрходжаева және Медициналық жедел жәрдем станциясының үздік фельдшерлері: Берікбол Дүйсенұлы Сырғабаев, Ботакөз Алпысбайқызы Кемелбекова, Құндыз Қайратқызы Канапьянова, Дариға Әділқызы Канетова, Талғат Дәулетұлы Жансеркеев, Оксана Валерьевна Шефер, Талғат Нұрланұлы Сейсенбаев, Айгуль Якубовна Чоланова, Бибінұр Гулиева жіберілді.