№8 қалалық емхана дәрігерлері Ш.Смаханұлы атындағы №62 гимназиясында «Денсаулық сабағын» өткізді. «Денсаулық сабағы» барысында оқушыларға дұрыс тамақтану, жеке басының тазалығы, қыс мезгілі кезінде аурулардың алдын-алу туралы мәлімет берілді. Сабақ соңында баланың ойын дамытатын психологиялық ойындар ойнатылды.