ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АНА СҮТІМЕН ҚОРЕКТЕНДІРУ АПТАЛЫҒЫ. #8 Қалалық емханасының «Баланың дамуын бақылау » денсаулық мектебіне жауапты дәрігер Брекешева А. А, медицина қызметкерлер Куатбаева У. А,. Рахымгазы Г. Б,. Абдимукан А. А болашақ аналарға “Дүниежүзілік емізу апталығына” орай түсіндіру жұмысын жүргізді. Ана сүтінің құрамы артықшылығы түсіндірілді.
Ана сүтін –ешбір сүт қоспасы алмастыра алмайды. Әрі стрильді, әрдайым жылы, баланың ағзасы ана сүтін оңай сіңіреді және қорытады. Сәби оны күн мен түннің кез келген уакытында жеткілікті мөлшерде ала алады. Ол баланың ағзасы талап ететін ақуыз, май, көмірсу, витаминдер секілді нәрлі заттарға қажеттіліктерін толықтырып, 15 –тен аса гормондар мен лактобактериялардың жақсы жетілуін қамтамысыз етеді .
Сүт қоспаларында кездеспейтін 400 түрлі қоректік зат ана сүтінде ғана бар. Мысалы: А,Е,Д витаминдері көп. Ана сүті 80 % судан тұрады және ол баланың суға деген сұранысын толық қанағаттандырады . Сондықтан 6 айға дейін бала тіпті ыстық ауа –райында бала ағзасы қосымша сұйықты қажет етпейді. Сондай –ақ ана сүтінде сүттің негізгі ингриденттерін ыдырататын липаза, лактаза секілді т.б арнайы ферменттер, патогенді бактерияларды жоятын, ішектің қалыпты микрофлорасын дамытатын бифидус заттары, әрі керекті темірді сүттен бала қанына тасымалдайтын лактоферрин белогы, ми ұлпалары мен көз жасушаларының түзүлуіне аса керекті таурин заттары, көп тараған жұкпалы ауруларға қарсы иммуноглобулиндер кездеседі.