№8 қалалық емханасының дәрігерлеріне тұрғындардан келген шынайы АЛҒЫСЫ

Мадина Туашева 1995 жылы Талдықорған қаласында дүниеге келген. 2013 жылы Алматы қаласы С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетіне жоғары баллмен грантқа оқуға түсіп, 2018 жылы оқуды үздік бітірген. Ен алғаш еңбек жолын 2018 жылдың қыркүйек айының 1-ші жұлдызында №9 Қалалық емханасында дәрігер эпидемиолог болып қызмет атқарған. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған түрлі семинарларға қатысып, сертификаттармен марапатталды. 2023 жылдың маусым айынан №8 Қалалық емханасының дәрігер эпидемиологы болып тағайындалды. Жыл сайын қайырымдылық шараларға үлесін қосып келеді.

Бүгін білікті дәрігеріміз Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Иран Шаметековтың атынан алғыс хатпен марапатталды.

Өз ісіне жауапты, мейірімді, білікті де білімді жас маман, құрметті дәрігерімізді мейрамымен құттықтап, отбасына амандық, береке, жұмысына абырой, халықтың алғысына бөленіп жүре беруін тілейміз!