Мастер-класс

Алматы қаласы №8 Қалалық емхананың “Баланы дамыту бөлмесінің” мейірбикесі Куатбаева У.А және С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенттермен бірге емшекпен емізу кезінде үстеме тамақ беру ережесі туралы ата-аналар және мейірбикелермен сабақ өткізді.

“Алғашқы үстеме тағам – маңызды кезең, бұл баланың өз бетімен алғашқы қадамы. Біз қандай азық-түлікті пайдалану және қанша мөлшерде беру керектігі туралы айтып, көрсетеміз. Үстеме тағам беру кезінде баланың жасын ескеру керек.

Баланың тағамға деген қызығушылығын қалай дамыту керек, қандай тағамдардан бастаған дұрыс, т.б. мәселелерді қарастырамыз”,- дейді Куатбаева У.А.