БАЛАЛАРДАҒЫ БИТШЕҢДІК (ПЕДИКУЛЕЗ): АЛДЫН-АЛУ ЖӘНЕ ЕМІ

Битшеңдік (педикулез) – адам биттерді жұқтыру арқылы пайда болатын паразитарлық ауру. Биттер – адамның мазасын алып, шыдамын тауысатын, психикасына әсер ететін ұсақ жәндіктер.

Аурудың негізгі белгілері: зақымданған дене қышиды, қасынған сайын сол орын тері ауруына (дерматитке) айналады. Сондай-ақ, биттер әртүрлі инфекциялық аурулардың тасымалдаушысы болып табылады, оның бір түрі – бөртпе сүзегі.

Көптеген адамдар битшеңдікті (педикулезді) өзекті емес деп санауы мүмкін, бірақ бұл ауру тұрғындар арасында көп тараған, әсіресе аурудың таралымы балалар арасында жоғары деңгейде. Бұл проблемалық мәселе тұрғындардың тек қарапайым отбасыларында ғана емес, ауқатты отбасыларда да кездеседі.

Битшеңдікпен (педикулезбен) науқастанған адамдар тарақты, бас киімді, сүлгілерді, шашты түйетін, орайтын және т.б. аксессуарларды ортақ пайдаланған кезде басқаларға жұқтырады.

Битшеңдікпен (педикулезбен) күрес және оның профилактикасы.

Жеке және қоғамдық гигиена ережелерін сақтау – аурудан зақымданудың ертерек анықталуының жолы болып табылады. Ата-аналардың балаларына көбірек көңіл бөлгені жөн, жиі-жиі баланың денесін қарау қажет, әсіресе сауықтыру лагерлеріне барып келгенде, спорттық жаттығулардан кейін, туған-туыстарға қонақ болып қайтқанда және т.б. жағдайларда.

Битшеңдіктен (педикулезден) арылудың тәсілдері: механикалық тәсіл – шашты биттен тазарту және химиялық тәсіл – дәріханалар жүйесінде кеңінен тараған педикулездік ауруға қарсы препараттарды қолдану арқылы.

Битшеңдік білінгенде, өздігінен ем-дом жасамай, жергілікті педиатрмен немесе терапевтпен кеңесу қажет. Себебі, педикулезге қарсы қолданылатын дәрі-дәрмектер -препараттар улы және битшеңдік инфекциялық аурулардың тасымалдаушылары болуы мүмкін.