Қант диабеті әлемдегі ең көп таралған эндокринологиялық ауру және оның дамуы организмдегі көмірсулар алмасуының бұзылуымен байланысты. Бұл аурудың бастапқы кезеңдері іс жүзінде асимптоматикалық болып табылады. Яғни адам ауырсыну мен ыңғайсыздықты сезінбейді. Ал оны анықтаудың жалғыз жолы – қан глюкозасының деңгейін анықтау. Қант диабетімен ауыратын науқастарда инфаркт, инсульт қаупі артады.
Қант диабетінің белгілері:
- шөлдеу (науқас тәулігіне 3-5 л, одан да көп су ішуі мүмкін);
- кіші дәретке жиі шығу (күндіз де, түнде де);
- ауыздың құрғауы;
- әлсіздік;
- тәбеттің күшті болуы;
- терінің қышуы (әйелдерде жыныс мүшелерінің жан-жағы);
- ұйқының қанбауы;
- ұйқыдан шаршап тұру;
- жараның ұзақ уақыт жазылмауы;
- тез салмақ тастау немесе тым көп салмақ қосу.
Дұрыс тамақтану жүйесі, қалыпты физикалық белсенділік, салмақты бақылау қант диабетінің ғана емес, гипертонияның, инсульттің, инфаркттың алдын-алудың негізгі тұжырымдамалары. Қант диабетін ерте анықтау үшін жылына кемінде 1 рет қант деңгейін анықтау қажет.
Қант диабетінің белгілерін байқасаңыз, дереу дәрігерге тексеріліңіз. Аурудың асқынуына жол бермеңіз.
Алматы қаласының «№8 Қалалық емханасында» әр сейсенбі күні сағат 14.00-ден 15.00-ге дейін 101/7 кабинетте Қант диабеті мектебінде дәрістер өтіледі. Сіздерді күтеміз!