Алматы қаласы №8 Қалалық емханасының дерматолог-дәрігері Жанна Ахметова тері обырының алғашқы белгілері, обыр алды жағдайларда сауығу мүмкіндігі, сондай-ақ сүйелдер мен папилломаларды жоюдың салдары туралы айтып берді, деп хабарлайды Емхананың баспасөз қызметі.
Мамандар әлі күнге дейін обырды ерте сатыда анықтау онкологиялық аурулармен күресуде маңызды және бетбұрысты рөл айтқаратынын атап өтуде.
«Көптеген адамдарда қорқыныш бар – тексерілсем обыр анықталуы мүмкін деген, сондықтан олар дәрігерге баруды кейінге қалдырады. Мен мынаны атап өткім келеді: кез-келген ауру емделеді, мұнда тұрған ештеңе жоқ. Мазалайтын белгілер пайда болған кезде Сіз дерматологқа немесе онкологқа бармай, қаралып-тексерілуді ұзақ уақыт бойы кейінге қалдыра аласыз, бірақ содан кейін кеш болуы мүмкін және обыр асқынып кетеді. Егер сіз дәрігерге ерте қаралсаңыз, ауруды емдеп, ол жайында тіпті ұмытып кетуіңіз мүмкін», – деді Жанна Ахметова.
– Менің байқауымша, қала тұрғындары тәртіпті жақсы сақтайды, олар уақытында жүгінеді, өйткені қалада жақсы ақпараттылық бар. Мен облыстық клиникада жұмыс істеген кезде ауыл тұрғындары арасында асқынған жағдайларды көп анықтадық. Көбінесе олардың денсаулығына қарауға уақыттары жоқ – үй шаруасы, жеміс-көкөніс бақшасын қарайды, ауданға баратын жолға уақыты болмайды және т.б.».
Сондай-ақ, дерматолог тері обырын тудыруы мүмкін әсерлер туралы айтты. Ықтимал себептердің қатарына тұқым қуалаушылық, қолайсыз экология, асқынған тері аурулары жатады.
«Бала кезінде «Атопиялық дерматит» диагнозы қойылған адамдар бар. Бірақ, олар дәрігердің нұсқауын орындамады: олар диетаны ұстанбады, соңына дейін емделмеді және ересек кезінде бұл аурумен өмір сүре берді. Кейінірек, бұл фонда терінің құрғауы, қатты қышу дамиды, ауру дамып, қатерлі ісікке, яғни обырға айналады. Обыр әрдайым өздігінен пайда бола бермейтінін түсіну маңызды, бұл көбінесе обыр алды аурулардың асқынуынан пайда болатын салдарлар. Мойындағы, арқадағы, меңдер, папилломалар киіммен үйкеліскен жағдайда – тітіркенеді, қабынады. Сондықтан оларды уақытында алып тастау керек. Мойындағы папилломаларды міндетті түрде алып тастау керек, кедергі жасамау және тітіркендірмеу үшін әсіресе мойын, қолтықта олар киіммен жиі үйкеліседі», – деп атап өтті дерматолог.
Жеке косметологиялық кабинеттерде папилломаларды жоюға бола ма? Дәрігердің айтуынша, мұны тек дерматокосметолог жасауы керек.
«Егер бұл кабинетте дерматокосметолог жұмыс істесе, ол осы мәселелерде құзыретті. Жою үшін сұйық азотпен, лазермен криотерапия кімнің қандай техниканы иеленетініне байланысты қолданылады. Процедурадан бұрын АИТВ-ға қан талдауын алу керек», – деп қосты дәрігер.
Ол сондай-ақ, денсаулыққа зиян келтірместен күн бұлаусын қалай дұрыс қабылдау керектігін айтты.
«Таңертеңгі күн қауіпті, сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін күн сәулесіне күйген қажет емес. Қыста және жазда күннен қорғайтын крем қолданған жөн, екі қабаттап жаққан жақсырақ болады – алдымен біріншісін және 15 минуттан кейін екінші қабатын аздап жағыңыз. Қазір дәріханаларда дерматологиялық құралдардың үлкен таңдауы бар, шаруашылық дүкендерден сатып алмай-ақ қойған дұрыс. Дәріханада сертификатталған өнімдерді сатып алу қажет, ал кремді құрғақ немесе майлы болуына байланысты терінің түріне қарай таңдауға болады», – деді Жанна Ахметова.
26 мамыр күні дәрігер тері аурулары бар адамдар үшін ашық қабылдауды, атап айтқанда, алдын ала жазылусыз консультация беруді жоспарлап отыр.