1 мамырдан 7 мамырға дейін республика бойынша Қазақстанның жүрек жеткіліксіздігі қоғамы қолдайтын СЖЖ апталығы өткізіледі.
Жүректің созылмалы жеткіліксіздігі (ЖСЖ) – жүректің бұлшық етінің жиырылу қабілеті төмендейтін жағдай, организмнің ағзаларына және тіндеріне оттегі мен қоректік заттектерді жүрек жеткілікті мөлшерде жеткізе алмайды.
Жүректің жеткіліксіздігі көптеген себептерге байланысты, мысалы: жүректің ишемиялық ауруы, коронарлық артериялардың атеросклерозы, жүрек талмасы (миокард инфарктісі), кардиомиопатия. Жоғары артериалдық қысым, жүрек қақапақшасының зақымдануы, жүректің кемістігі, қалқанша бездің аурулары, бүйрек аурулары, қант диабеті секілді жүректің тозуына апаратын себептер.
Жүректің созылмалы жеткіліксіздігінің симптомдары ұдайы, өтпелі, ауыр немесе жеңіл болуы мүмкін. Аурудың негізгі симптомдары:
Тыныс алудың қиындауы, өкпеде сұйықтық жиналуының және іркілуінің нәтижесінде дене жаттығуларын орындағанда және тыныш күйде де болатын құрғақ, үзілісті жөтелі.
Жүректің созылмалы іркілісті жеткіліксіздігінің симптомдары – тобықтың ісінуі, одан кейін аяқтың, іштің ісінуі, салмақтың ұлғаюы; түнде несептің жиі жүруі; іштің кебуі, тәбетті жоғалтуға немесе жүрек айнуына апаратын.
Бас айналуы, шаршау, әлсіздік. Ағзаларға және бұлшық еттерге қан ағынының төмен болуынан науқас өзін шаршаулы, әлсіз сезінеді. Мидың қан айналымының төмен болуы бас айналуын немесе естің қалыпты болмауын туындатуы мүмкін. жүректің тез немесе ұдайы емес соғуы, себебі, қанның жеткілікті мөлшерін айдауы үшін жүрек тезірек соға бастайды.
Жүректің созылмалы жеткіліксіздігі кезінде жоғарыда келтірілген симптомдардың бірі ғана байқалуы мүмкін, ауру симптомсыз өтуі мүмкін, бірақ, бұл симптомдардың бірінің болуында жүректің әлсіздігі болуы міндетті емес.
ЖСЖ баяу дамиды, көптеген адамдар оны организмнің қартаюы ретінде санайды. Мұндай жағдайда көпшілік науқастар соңғы сәтке дейін дәрігерге баруды созады. Өзіңізде ЖСЖ симптомдары болса, және бір күнде 1,5 кг салмақ қоссаңыз, немесе аптасына 2,5 кг қоссаңыз, шұғыл дәрігерге көрініңіз.