Жатыр мойны обыры, әйелдердегі қатерлі ісіктердің арасында жиі кездеседі. Аурудың алдында көбінесе қатерлі ісікке дейінгі аурулар болады, оларды уақтылы анықтаған кезде оны сәтті емдеуге болады. Жатыр мойны каналының қатерлі зақымдануы бірден пайда болмайды. Ауру өзінің дамуында бірнеше кезеңнен өтеді. Сондықтан қатерлі ісікке дейінгі аурулар фондық аурулардан кейін пайда болады. Фондық патологияларға эрозия, полиптер, эктропион, эндометриоз, цервицит жатады.
№8 Қалалық емханада Алматы Онкологиялық орталығының онкогинекология бөлімшесінің меңгерушісі Райхан Болатбекованың қатысуымен семинар өтті.
Дәрісті ЖПД, сондай-ақ емхананың акушер-гинекологтары тыңдады. Кездесу жатыр мойнының ісікке дейінгі патологиясы бар пациенттерді диспансерлеу мен сауықтырудың ұйымдастырушылық принциптеріне арналған.