№8 қалалық емханада 7 сәуір-дүниежүзілік денсаулық күніне арналған іс-шаралар туралы ақпарат.
Дүниежүзілік денсаулық күні қарсаңында емханада Денсаулық мектептерінде «Денсаулық сабақтары» өткізілді,сонымен қатар қызметкерлердің қатысуымен марафон және «Денсаулық-зор байлық!»Флешмобы ұйымдастырылды.Дүниежүзілік денсаулық күні жыл сайын 7 сәуірде (1948жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы құрылған күн) планетамыздың әрбір тұрғынының назарын денсаулық мәселелеріне аудару мақсатында атап өтіледі
ДДҰ (ВОЗ) денсаулықты былай деп сипаттайды:Денсаулық-бұл аурудың немесе мүгедектіктің болмауы ғана емес,толық физикалық,психикалық және әлеуметтік салауаттық жағдайы.
Денсаулықтың үш түрі бар:
- Физикалық денсаулық(барлық мүше жүйелерінің жұмысы)
- Психикалық денсаулық (мінез-құлықты реттеу)
- Психологиялық денсаулық( сенсорлық-эмоционалдық саланың жағдайы)
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшы бағалауы бойынша әрбір адамның денсаулығы 4 факторға байланысты: организмге енген гендік бағдарлама-20%,экология-20%,медициналық қызмет-10%,өмір салты-50%
Салауатты өмір салты-адамдардың денсаулығын сақтауға және жақсартуға бағытталған өмір салты.Салауатты өмір салты темекімен алкогольді тұтынудан бас тартуды,ұтымды тамақтануды,физикалық белсендікті және психикалық денсаулықты нығайтуды білдіреді
Сіздің денсаулығыңыз тек өз қолыңызда екенін ұмытпаңыз!