2023 жылдың 06.03-12.03 апталық аралығында жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат. ШЖҚ «Қалалық емхана №8» КМК 24 наурыз – Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні!
Осыған орай, емханамызда (24 ақпан-24 наурыз аралығында) профилактикалық айлықта бастау алған іс-шаралар, халық арасында жұқпалы аурудың алдын-алу бойынша түсіндіру жүмыстары жүргізіліп жатыр. Емдеушілерге туберкулез ауруы, бастапқы белгілері, сақтану шаралары туралы санитарлық-ағарту жұмыстары жүргізілуде және буклеттер таратылуда.
Осы белгілердің бірі білінген кезде дереу дәрігерге барып көрінген дұрыс. Туберкулездің алдын-алу шаралары: салауатты өмір салтын ұстану, дене белсенділігін артыру, дұрыс тамақтану, еңбек және демалыс режимін сақтау, күйзеліс жағдайлардан аулақ болу, жылына бір рет флюорографиялық тексерісінен өту.