Халықаралық әйелдер күні – жыл сайын бірқатар елдерде 8 наурызда тойланатын мереке.
8 наурыз әйелдердің құқықтары мен эмансипациясы үшін күресте әйелдердің ынтымақтастығы күні ретінде пайда болды.1910 жылы Копенгагенде өткен социалист әйелдердің халықаралық конференциясында Клара Цеткиннің ұсынысымен Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу туралы шешім қабылданды.
06.03. 2023 жылы «№8 қалалық емхана» 8 наурыз мерекесіне орай ашық есік күнін өткізді.
Бала туатын жастағы әйелдер отбасын жоспарлау кабинетінде контрацепция және жеке гигиена бойынша кеңес алды.
Көп балалы аналар, барлық әйелдер гинекологтың, маммологтың қабылдауында болды.Әйелдерді қарау кабинетінің акушеркасы келген әйелдерге онкологиялық аурулардың алдын алу және жыл сайынғы тексеруден өту қажеттілігі туралы кеңестер айтты.
Тасымалдауға келмейтін егде жастағы әйелдерді мобильді топ үйлеріне барып тексерді. Дәрігер А.А.Уразалиева, мейірбике М.Т.Досекеева, психолог Қ.Бексейіт және әлеуметтік қызметкер А.Мұратова гүл шоқтары мен сыйлықтар табыс етті.