Алматы қ. ҚДСБ «№8 Қалалық емханасы» ШЖҚ МКК 22 қазан күні – Республика күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді. Республика күні – Тәуелсіздігімізді ұлықтайтын ұлттық мереке болғандықтан, емхана бас дәрігері Ф.А.Агибаева жиналған медицина қызметкерлерін құттықтап, жылы лебізін білдірді. Өз сөзінде емхананың бас дәрігері емханадағы жетістіктерді атап өтіп, сол жетістіктерге жетуге өзі үлесін қосқан қызметкерлерді Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың және Денсаулық сақтау министрлігінің атынан берілген наградалармен марапаттады.
Олардың ішінде:
- Өмірзақова Гүлсім Төлегенқызы – Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың атынан «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
- Худаярова Анар Ишанкуловна – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрі А.Гинияттың атынан «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
- Рахимгалиева Асем Мирасовна – «Жыл бухгалтері» ұлттық сертификатымен марапатталды.
- Ордабек Ерсұлтан Өмірбекұлы – «Жыл маманы» ұлттық сертификатымен марапатталды.
- Толубаева Гульназ Жукебаевна – «Жыл маманы» ұлттық сертификатымен марапатталды.
Баршаңызды еліміздің әрбір азаматы үшін айтулы мереке – Республика күнімен құттықтаймыз!