2022 жылғы 15 қыркүйекте Алматы қаласа №8 Қалалық емхана ұжымында Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына «Әділ мемлекет. Біріккен ұлт. Өркендеген қоғам» Жолдауын талқылау мақсатында Аманат партиясының мүшелерімен бірлесек іс-шара өткізілді.
Жолдауда көрсетілген бағыттар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуге «AMANAT» партиясы Алмалы аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, «KazComfort» ЖШС директоры Асабаев Махамбет Қайпназарұлы, Алматы қ. мәслихатының депутаты Жұмабаев Бақытбек Әшімұлы қатысты. Отырыс барысында талқыға түскен басты тақырып Елбасының бастамасымен қолға алынған бағдарламалар мен мемлекетті одан әрі жаңғыртудың жаңа міндеттері болды. Қасым – Жомарт Тоқаев өз Жолдауында реформаның нақты бағыттарын атап өтті. Соның ішінде баяндамашылар Жолдаудың Мемлекет басшысы денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы жоспарлы өзгерістерді атап көрсеткен бөлігіне ерекше тоқталды.
Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция:
- Ерікті медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Үкімет денсаулық сақтау саласын және жалпы әлеуметтік саланы қаржыландыру жүйесін қайта қарайды.
- 2023 жылдан бастап ауыл тұрғындарының сұранысын қанағаттандыруға арналған ұлттық жоба жүзеге асады. Екі жылда еліміздегі 650 елді мекенде медициналық және фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер салынып, қажетті құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етіледі. Осылайша, мемлекет бір миллионнан астам адамның алғашқы медициналық-санитарлық көмек алуына мүмкіндік жасайды.
- Медициналық жоғары оқу орындарының жанынан көпбейінді ауруханалар және клиникалар ашылады. Алдағы үш жылда резидентураға бөлінетін грант саны 70 пайызға көбейеді.
- Балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін түпкілікті шешу қажет. Тәрбиешілердің әлеуметтік мәртебесін артып, жалақысы көбейеді.
- Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасалады. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешіледі.
- Жемқорлардың заңсыз тапқан қаржысы олар сотталған соң мемлекетке өтіп, түгелдей мектеп құрылысына жұмсалуға тиіс.
- Жеке білім беру ваучерлерін енгізу жоспарланып отыр. Баланың білім алуына, оның ішінде сыныптан тыс оқуына мемлекет бөлетін қаражат бірыңғай білім беру есепшоттарында жинақталады.
- Жастардың білім алуына жылдық өсімі 2-3 пайыз болатын жеңілдетілген несие де беріледі.
- Мемлекет ең төменгі жалақыны айқындаудың жаңа тәсілін енгізеді. Бұл әдіс оның мөлшерін біртіндеп ұлғайтуға мүмкіндік береді. Ең төменгі жалақы деңгейін 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін көтеріледі. Бұл шешім 1,8 миллион азаматтың табысына тікелей әсер етеді.
- Зейнетақының ең төменгі базалық мөлшерлемесін біртіндеп ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына, ал жоғарғы шегін 120 пайызына жеткізу қажет.
- Әлеуметтің талап-тілегін ескере отырып, әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде қалдырылады.
- 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімі үшін төлемақы төлеу мерзімін сәби бір жарым жасқа толғанға дейін ұзартамыз.
- Әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға жұмыссыз қалғаны үшін төленетін төлемақы орташа айлық табысының 45 пайызына дейін көбейтіледі.
- Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіледі және оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5% болатын шағын несие беріледі.
- Балалар жылының аясында «Ұлттық қор – балаларға» атты мүлде жаңа бағдарламаны жүзеге асады. Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударылады. Қаржы әр бала 18 жасқа толғанға дейін аударылып тұрады, оны мерзімінен бұрын есепшоттан шығарып алуға болмайды. Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалатын болады. Жобаны 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асады.
- Кәсібилік пен еңбекқорлық қоғамымызда жоғары бағалануы керек.
- Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс.
Жастардың белгілі бір мамандықтың барлық қыр-сырын түсінуге ұмтылуы маңызды, өйткені кәсіби мамандардың еңбегі әрқашан жоғары бағаланады. Біздің мамандар тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де бәсекеге қабілетті болуы керек.
Жолдауда халықтың әл-ауқатын арттыруға, адами капиталдың сапасын арттыруға маңызды рөл берілген. Кездесу барысында сындарлы пікірталас өтті. Бірақ біз жобаларды сәтті жүзеге асырып, елді көркейту үшін әр адам өзінен бастау керек, өз үлесін қосуға тырысу керек екенін ұмытпауымыз керек.