COVID-19 туралы не білуіміз керек?

Коронавирустық инфекция (COVID-19) — SARS CoV-2 коронавирус түрінен жаңа вирустар штаммынан туындайтын жіті инфекциялық ауру, COVID-19 аэрозольды-тамшы және контактілі-тұрмыстық жолмен беріледі.

Короновирустық инфекция:

  • ешқандай белгілерсіз (симптомдардың болмауы);
  • жеңіл респираторлық симптомдардың байқалуымен;
  • кейіннен улану, қантамырларының, өкпенің, жүректің, бүйректің, АІЖ зақымдануымен, асқынулардың даму қаупімен ауыр түрде өтуі мүмкін.

Емханада короновируспен (COVID-19) күресу үшін мобильдік топ құрылған. Егер Сізде суық тию ауруларының белгілері: дене қызуының көтерілуі, жөтел, мұрынның бітуі, тамақтың ауруы, иіс сезі қабілетінің нашарлауы немесе жоғалту пайда болса, онда 8 (701) 690 7678; 8 (707) 578 5472; 8 (727) 2429933; 8(727) 2429930 телефондары бойынша хабарласыңыз.

COVID-19 СИМПТОМСЫЗ ӨТКЕН ЖАҒДАЙДА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Аурудың симптомсыз өтуі SARSCoV-2 РНҚ ПТР-ға талдау жасаған кезде анықталады. Ешқандай шағымдарсыз, клиникалық симптомдарсыз және өкпені тексергенде патологиялық өзгерістерсіз өтеді.

Қазақстан Республикасында КВИ бар пациенттерді диагностикалау мен емдеудің бекітілген клиникалық хаттамасына сәйкес COVID-19 симптомсыз белгілерімен адамдарға арнайы ем жүргізілмейді.

Аурудың симптомсыз ағымына тап болған жағдайда не істеу керек?

  • Үй жағдайында медициналық бақылауда болу қажет
  • Өз учаскелік дәрігерінмен байланыста болу керек
  • Учаскелік дәрігердің барлық нұсқаулықтары мен талаптарын орындау қажет
  • Жалпы жағдайдың өзгерістері туралы дерек учаскелік дәрігерге хабарлау керек (дене қызуы, жөтел, тыныс алудың қиындауы және т.б.)
  • мобильдік топ күнделікті өткізетін бейнеконсультацияға қатысу керек
  • үйде қалып, айналадағылармен контактіде болуды шектеу қажет
  • үйден ШЫҚПАУ керек
  • Сақтық шаралар мен жеке гигиена қағидаларын сақтау керек

Оқшауланудың 10 күніне қарай ПТР-ға қайта тестілеу жүргізілетін болады, нәтижесі теріс болған жағдайда медициналық бақылау алынып тасталады.

Өзіңді және жақындарынды жұқтыру қаупінен қорғау үшін, келесі кеңестерді сақтау керек:

  • Жеке гигиена қағидаларын сақтау, оның ішінде қолды сабынмен жиі және мұқият жуу;
  • Жеке қорғаныс құралдарын пайдалану: қолға арналған спирттік антисептиктер, маска, қолғап және т.б.;
  • Адамдар көп жиналатын жерлерге бармау;
  • Жануарлармен, оның ішінде құстармен контактіде болудан аулақ жүру, шикі және дұрыс піспеген етті тұтынбау;
  • Өзін нашар сезініп тұрған немесе ауру симптомдары байқалатын адамдармен контактіде болудан аулақ жүру;
  • Бөлмені желдетіп тұру;
  • Жөтеліп, түшкіргенде ауыз бен мұрынды орамалмен жабу (ластанған орамалды бірден тастаңыз);
  • Әлеуметтік арақашықтықты сақтау. Адамдардан кем дегенде екі метр алшақтықта жүріңіз.