ЖШҚ №8 қалалық емхана қызметкерелері «Қарттарым асыл қазынам» аттты қалалық қайырымдылық акциясына белсенді түрде ат салысуда. Осы іс шара аясында 15.10.2019ж. қарттарға арналған «Ашық есік» күні өткізілді. Денсаулықтары сыр берген қарияларға дәрігерлік ақыл-кеңестер беріліп, дәрігерлік қамқорлықты қажет ететіндерге емханаың күндізгі емдеу бөлімдеріне жолдама берілсе, кейбіріне ауруханалар мен шипажайда денсаулықтарын жақсарту жөнінде кеңес берілді.
Емханамыздың медициналық қызметкерлері «Ашық есік» күніне келген қарттармен әңгімелесіп, келер жылы ендірілетін Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы, ондағы зейнеткерлер мен қарттардың денсаулығына жасалатын қамқорлықтар, Алматы қаласы бойынша қолға алынып, жүзеге асырылып жатқан «Белсенді ұзақ өмір сүру» бағдарламасының бағыттарын және ауданда осы бағдарлама негізінде ұйымдастырылып жатқан іс шаралармен таныстырды.