«ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ» СЕМИНАРЫ

“Цифрлық Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасы аясында 06.03.2019 ж. Алматы қаласы №8 Қалалық емханасында Алмалы ауданына қарасты Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен бірлесе ұйымдастырылған «Қазақстан Республикасының E-gov электронды үкімет порталы» туралы «Цифрлық сауаттылықты арттыру» атты ақпаратты-танымдық семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты – цифрлық технологияларды пайдалану арқылы халықтың қандай да мемлекеттік қызметтерді арнайы мекемелерге бармай-ақ, үй жағдайында, интернет желісін пайдалана отырып жеңіл алуға болатындығын түсіндіру.

Алмалы ауданына қарасты Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері Суранчиев Бақытжан мырза мен Муртазин Саян мырза семинар барысында емхана қызметкерлері мен емделушілердің бірқатар сұрақтарына жауап беріп, кейбір емделушілердің анықтама қағаздарын E-gov электронды порталы арқылы шығарып, тәжірибе жүзінде көрсетті.