Халық арасында профилактикалық жұмыс жүргізілді: артериялық гипертензия және жүректің ишемиялық ауруы бойынша денсаулық мектебі
Алматы қаласының №8 қалалық емханасы
Алматы қаласының №8 қалалық емханасында халықтың медициналық сауаттылығын арттыру және жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу мақсатында артериялық гипертензия (АГ) және жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) тақырыптарында денсаулық мектебі өткізілді.
Оқу-ағарту шарасын салауатты өмір салты дәрігері Брекешова Айгерим және кардиолог дәрігер Мажанова Аруханым жүргізді.
Кездесу барысында мамандар артериялық гипертензия мен жүректің ишемиялық ауруының пайда болу себептері, қауіп факторлары және алдын алу жолдары туралы түсіндірді. Әсіресе артериялық қан қысымын жүйелі түрде өлшеудің, дәрігерге уақтылы қаралудың және тағайындалған емді дұрыс сақтаудың маңыздылығына назар аударылды.
Салауатты өмір салты дәрігері Брекешова Айгерим дұрыс тамақтану, тұзды тұтынуды шектеу, тұрақты дене белсенділігімен айналысу, дене салмағын бақылау және зиянды әдеттерден бас тартудың денсаулықты сақтаудағы рөлін атап өтті.
Ал кардиолог дәрігер Мажанова Аруханым жүрек-қан тамырлары ауруларының асқыну қаупі, олардың алдын алу және ерте диагностиканың маңыздылығы туралы ақпарат берді. Қатысушыларға миокард инфарктісі мен инсульт сияқты қауіпті асқынулардың алдын алу үшін дәрігер ұсынымдарын орындау және денсаулық жағдайын тұрақты бақылау қажеттігі түсіндірілді.

