Бүгін Мемлекет басшысы су тасқынына байланысты үндеу жасады.

Президент көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат екенін айтты.

“Жағдай өте күрделі болса да, біз қиындықты міндетті түрде еңсереміз, барлығын қалпына келтіреміз. Ең бастысы – азаматтардың амандығы” – деп, барлық атқарушы органдарға шұғыл түрде тапсырма берді.

Ел басына күн туғанда, күшімізді біріктіріп, бұл қиындықты жеңіп шығуға бар күшімізді салайық.