14 наурыз – Көрісу күні – Амал мерекесі

Көрісу — тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін, бір-бірімен қауышатын мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін күн.

Кеше №8 қалалық емхана ұжымы тұрақты бақылауға алып жүрген өзге ұлт қарт әжейлердің үйіне барып, ерекше ілтипаттарын білдірді. Өз ризашылығын білдірген қарттарымыз ақ баталарын берді.

Дегенмен, Көрісу салты бір күнмен шектеліп қалмайды, наурыз бойы жалғаса береді. Сол себепті, бір ай бойы емханамыздың емделуші ата-әжелерін құттықтау жалғасын табады.