Рационалды тамақтану-денсаулық кепілі

Оқушылардың тамақтануы-балалар мен жасөспірімдерді сауықтырудың маңызды факторларының бірі.

Дұрыс тамақтану-бұл олардың денсаулығын, соның ішінде жұқпалы және жұқпалы емес ауруларға төзімділігін қамтамасыз етудің қажетті шарты. №8 қалалық емхана СӨС дәрігері А. Жұмадоллаева осы тақытыпта балалармен тұрақты түрде кездесулер өткізеді, онда тиімді және дұрыс тамақтану туралы әңгімелейді.

Бұл жолы дәріс №167ЖББ мектепте өтті.
“Менің міндетім – дұрыс тамақтану туралы ақпарат беру. Айта кету керек, балалар бұл тақырыпқа үлкен қызығушылық танытады. Мысалы, зиянды тағамнан қандай аурулар туындайды,таңертеңгі ас қаншалықты пайдалы және т. б. сұрақтар бойынша білгісі келеді”, – дейді дәрігер.