15 ақпанда Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толады

2024 жылғы 15 ақпанда Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толады.

Бұл соғыс ардагерлерінің мерекесі, сондай-ақ сол соғыста қаза тапқан сарбаздарды еске алу және қайғыру күні. Ардагерлерге қамқорлық жасау, олардың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттің әлеуметтік саясатының басымдықтарының бірі болды және болып қала береді.

«Ауған жауынгері», «интернационалист- жауынгер» мәртебелері 1979-1989 жылдар аралығында Ауғанстан аумағында әскери іс-қимылдарға қатысқан адамдарға беріледі. Біздің республикамызда бұл мәртебе «Ардагерлер туралы» ҚР Заңында ресми түрде бекітілген, оған сәйкес ауған жауынгерлері жалпы санатқа енгізілген.

Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына байланысты 2024 жылғы 25 қаңтарда сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін № 8 қалалық емханада интернационалист-жауынгерлер үшін «Ашық есік күні» өткізілді, оның барысында олар кезектен тыс медициналық ұйымдарда пациенттердің қозғалыс бағытына сәйкес толық медициналық тексеру жүргізді, арнайы мамандарды қабылдау және зертханалық-аспаптық тексеру ұйымдастырылды (ҚЖА, НЖА, биохимиялық зерттеулер, флюорография, ЭКГ, УДЗ ).