Желтоқсан оқиғасына қатысушылар арасында Ашық есік күні

Бүгін №8 қалалық емханасы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар мен әлеуметтік осал топтары арасында ашық есік күнін өткізді.

Негізгі мақсат –халықтың салауатты өмір салты мен денсаулығын жақсарту.

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай мамандар Желтоқсан оқиғасына қатысушылар мен әлеуметтік осал топтарына салауатты өмір салтын қалыптастыру шараларын түсіндіріп, медициналық көмектер көрсетті.

«Бүгін емханаға келген азаматшаларға асқазан обыры мен сүт безінің қатерлі ісігін алдын алу шараларын жүргіздік. Талдамалар алып, ультрадыбыстық зерттеу аппараттарына түсірілді. Диагнозы анықталған науқастарға алғашқы емдік шаралары жүргізіліп, қатаң бақылауға алдық – деді №8 қалалық емхананың маммолог-онкологы Гүлнұр Башарова.

«Мен өзім маммолог-онкологы Гүлнұр Башароваға кіріп шықтым. Қабылдауы сондай жақсы. Жақсы ілтипатпен қабылдап жатыр. Егде жастағы адамдар,жағдайы төмен отбасылар бар. Оларға да көмегін тигізеді. Керек болса өздері барып көмектеседі», – деді қала тұрғыны Бақыткүл Тенгизбаева.