“Электрондық темекі мен калянның зияны” тақырыбында дәріс

Қазіргі қоғамда вейпинг халықтың әртүрлі топтары, соның ішінде әйелдер, жасөспірімдер, тіпті балалар арасында кең таралған әдет болып табылады. Вейпинг – электронды темекілерді, яғни ингаляторларды пайдалану арқылы темекі шегу.

№ 58 жалпы білім беретін мектепте 14 қараша күні 9 сынып оқушылары арасында “Электрондық темекі  мен калянның зияны ” тақырыбында №8 қалалық емхана СӨСҚ дәрігері Жумадуллаева Альмира Нұрсейдқызы дәріс өткізді.

Дәріс барысында СӨСҚ дәрігері оқушыларға электронды темекі мен кальянның зияны туралы баяндап; электронды темекінің неден тұратынын, оның адам ағзасына, әсіресе жас және өсіп келе жатқан ағзаға қалай әсер ететіні туралы жан-жақты айтып берді. Дәріс тыңдаған оқушылар саны – 78.