Ашық есік күні

27 қазанда Алматы қаласының «№ 8 қалалық емханасында» Дүниежүзілік инсультпен күрес күніне және Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күніне арналған Ашық есік күні өтті.

Науқастарды алдын-ала жазылусыз невропатолог, эндокринолог, кардиолог дәрігерлер және профилактикалық бөлімнің медицина қызметкерлері қабылдады.

Қалауы бойынша пациенттер антропометриялық мәліметтерін (бойы, салмағы, дене салмағының индексі) өлшеп, қандағы глюкоза деңгейі мен қан қысымын анықтап, кешенді тексеруден өтті. Дәрігерлер емханадағы қабылдаудан бөлек, науқастарды үй жағдайында тексерді. СӨСҚ дәрігері инсульт пен қант диабетінің алдын алу бойынша емхана пациенттерімен әңгіме жүргізді. Барлығы 87 пациент қамтылды, емхана келушілеріне 150 ақпараттық және оқу материалдары таратылды.