10.07.2019 жылы Алматы қаласы №8 Қалалық емханасының «Алдын-алу және әлеуметтік психологиялық көмек» бөлімінің қызметкерлері «Maxima» ойын-сауық орталығында қала тұрғындары мен қонақтарына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Түсіндіру жұмысы кезінде МӘМС – денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік мүдделерді қорғаудың мемлекеттік жүйесі болып табылатындығы жеткізілді. Бұл жүйе Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік жағдайына, тұрғылықты жерiне және табысына қарамастан медициналық және дәрілік көмекке тең қолжетімділік жасауға кепілдік беретіні туралы, сондай-ақ ауру, жарақат алу, туу және жүктілік, мүгедектік және кәрілік жағдайларында халықтың денсаулығының мүддесін әлеуметтік тұрғыда қорғау нысаны болып табылатындығы жайында айтылды.
Ақпараттық-түсіндірме жұмысының мақсаты – МӘМС жүйесінің мүмкіндіктерін халық арасына тарату, оның қалай іске асатыны туралы ақпарат беру. Сонымен қатар жұмыс барысында ақпараттық-біліми материалдар таратылды.