Кейде өзін саумын деп санайтын адамның өзі медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болады. Сондықтан мемлекет кезең-кезеңмен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін (бұдан әрі – МӘМС) енгізуде. МӘМС қалай жұмыс істейді? МӘМС жүйесі аясында медициналық көмек көрсету Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен жүзеге асырылатын болады.
Мемлекет Қорға халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобы үшін жарна төлейді, жұмыс берушілер-жалдамалы жұмысшылар үшін, ал қызметкерлер мен өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтар өздері үшін төлейтін болады. Осылайша, жарнаны барлығы төлейді және әрбіреуі өзінің жауапты аймағына, атап айтқанда: мемлекет – денсаулық сақтау жүйесінің дамуына және халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобына қолдау көрсетуге жағдайына (4%), жұмыс берушілер – қызметкерлердің еңбек жағдайына (2%), азаматтар – өз денсаулық жағдайына (5%) және аурулардың алдын алуға жауап береді. Осыдан мемлекет, жұмыс беруші және азаматтар арасында МӘМС жүйесінің ынтымақты жауапкершілік принципі шығады.
Осы принципті халыққа түсіндіру мақсатында Алматы қаласы «№8 Қалалық емхана» Алдын алу және әлеуметтік психологиялық көмек бөлімінің қызметкерлері «Рамстор», «Асыл» сауда орталықтарында және «Тастақ» базарында тұрғындарға ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жұмыс барысында ақпараттық-біліми материалдар таратылды.