Көптеген елдерде сақтандыру медицинасы жұмыс істейді. Атап айтатын болсақ, Түркия, Германия, Жапония елдері әлеуметтік сақтандыру (МӘМС) моделін қолданып келеді. Аталған елдерде медицина өте жоғары деңгейде дамыған. Қазақстан Республикасы МӘМС 2020 жылдың қаңтар айының 1-нен бастап үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып енгізуді жоспарлаған. Сарапшылар міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандырудың (бұдан әрі МӘМС) тиімділігі денсаулықты қорғау мәселелеріндегі мемлекеттің, жұмыс берушінің және азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделеді деп есептейді.
Қазіргі таңда «МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ» жүйесін түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай Алматы қаласы №8 Қалалық емхананың «Алдын алу және әлеуметтік психологиялық көмек» бөлімінің қызметкерлері психолог К.Г. Бексеит пен әлеуметтік қызметкер А.А. Муратова «Рамстор», «Асыл» сауда орталықтарында және «Тастақ» базарында тұрғындарға МӘМС туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мақсаты – МӘМС жүйесінің мүмкіндіктерін халық арасына тарату, қалай іске асатыны туралы түсінікті қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар ақпараттық-біліми материалдар таратылды.