#8 қалалық емханасы салауатты өмір салтын сақтау дәрігері Берекешова Айгерім Онкологиялық аурулар – бүгінде әлемде кең таралған және қауіпті дерттердің бірі. Бірақ оларды ерте анықтап, дұрыс алдын алу шараларын сақтау арқылы болдырмауға немесе дер кезінде емдеуге болады. Алдын алу шаралары: Дұрыс тамақтану: Жеміс-жидек пен көкөністі көп тұтынып, майлы, қақталған және тұздалған тағамдарды азайтыңыз. Зиянды әдеттерден […]
Емхана директоры мерекеге орай ұжымдағы ер азаматтарды арнайы құттықтап, олардың отбасындағы және қоғамдағы рөлін жоғары бағалап, “Көпбалалы әке” және “Үлгілі әке” номинациялары бойынша Алғыс хаттар табыстады. Бұл шара – әкелердің еңбегін бағалауға, олардың жауапкершілігі мен тәрбиелік рөлін насихаттауға бағытталған игі бастама болды. Марапатталған әріптестерге зор денсаулық, отбасылық бақыт пен еңбекте табыс тілейміз!
Құрметті әріптестер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан өлшеусіз үлестеріңіз, өз ісіңізге деген адалдықтарыңыз, жоғары жауапкершілік пен кәсіби шеберліктеріңіз әрдайым құрметке лайық. Сіздердің күнделікті қажырлы еңбектеріңіз адам өмірін сақтау мен денсаулығын нығайтуға бағытталған аса маңызды миссия болып табылады. Бұл қызмет үлкен төзімділікті, жанқиярлықты және жоғары біліктілікті […]
Республика Казахстан, город Алматы, 050000, улица Туркебаева 40