Обязательное социальное медицинское страхование
Заң нормаларын түсіндіруге арналған Семинар

Бүгін №8 қалалық емхананың конференц-залында медициналық қызметкерлерді қорғауды күшейтуге бағытталған 2026 жылғы 3 қаңтарда Қазақстан Республикасында қабылданған заң нормаларын түсіндіруге арналған семинар өтті. Аталған заң қылмыстық заңнамаға өзгерістер енгізіп, дәрігерлерге, мейіргерлерге және жедел жәрдем қызметкерлеріне қызметтік міндеттерін атқару кезінде күш қолдану фактілеріне қатысты жауапкершілікті күшейтуді көздейді. Семинар барысында №8 қалалық емхананың заңгері Мусаканова Р.Р. медицина […]

Конституциялық түзетулер мәселелері бойынша кездесу

Бүгін №8 қалалық емхана ұжымымен «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясы мүшелері кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында қызметкерлерге конституциялық түзетулердің мәні мен маңызы түсіндіріліп, референдумның ел дамуы үшін маңызды қоғамдық-саяси үдеріс екені атап өтілді. Жиын соңында ұжым мүшелері азаматтық белсенділік танытып, референдумға жауапкершілікпен қатысудың маңыздылығына назар аударды.

Туберкулездің алдын алу, жұғу жолдары және салауатты өмір салтын қалыптастыру

2026 жылғы 18 ақпанда №67 және №144 мектептерінде «Туберкулездің алдын алу, жұғу жолдары және салауатты өмір салтын қалыптастыру» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді. Іс-шараларды балалар дәрігер-фтизиатры Агибаева Ж.А. және СӨС дәрігері Брекешева А.А. жүргізді. Кездесу барысында мамандар туберкулездің жұғу жолдары, оның негізгі белгілері, алдын алу шаралары және уақытылы медициналық тексеруден өтудің маңыздылығы туралы кеңінен түсіндірді. Сонымен […]

Алматы қаласы ҚДБ ШЖҚ «№8 Қалалық емхана» МКК
Адрес:

Республика Казахстан, город Алматы, 050000, улица Туркебаева 40