12 мамыр-Халықаралық мейірбикелер күні.

Алматы қаласы №8 Қалалық емханасында 127 орта медициналық қызметкер жұмыс істейді. Оның ішінде мейірбикелер, фельдшерлер, акушерлер, фармацевтер және лаборанттар бар.

№8 ҚЕ бас дәрігері Жанар Амантаевна Мухамеджанова мейірбике ісі мамандарының ұжымын Халықаралық мейірбике күнімен құттықтады.

«Мейібике-бұл бір уақытта дәрігер мен пациенттің көмекшісі болатын адам. Сонымен қатар, ол тыңдауға және көмектесуге, көңіл-күйді көтеруге, өзіне және қалпына келтуіне деген сенімді нығайтуға қабілетті психолог.

Мейірбикелік практиканың үздік дәстүрлерін сақтай отырып, біздің мейірбикелер денсаулық сақтаудың бүкіл жүйесін жетілдіруге үлес қосып, өз кәсібін белсенді дамытуда. Жыл сайын нәтижелі жұмысының арқасында учаскелік мейірбике мамандығы жоғары мәртебеге және қоғамдық танымға ие болуда. Кәсіби мерекемен шын жүректен шыққан құттықтауды қабыл алыңыздар. Сарқылмас денсаулық, оптимизм, бақыт және аман-саулық тілейміз!».