Қалалық сейсмикалық жаттығу

20 сәуірде №8 Қалалық емханада жоспарлы жалпы қалалық сейсмикалық жаттығу өтті.

Емхана ұжымы бұл бастаманы қолдап, ТЖ жағдайлардағы жаттығу өткізді. Барлық медициналық құрам, сондай-ақ келушілер ғимараттан сәтті эвакуацияланды.

Сейсмикалық жаттығудың негізгі мақсаты қала тұрғындарының төтенше жағдайлардағы іс-әрекетке дайындық деңгейін арттыру болып табылады, осылайша тұрғындар эвакуация маршруттарын, қауіпсіз орындарды алдын ала анықтап, дабыл чемодандарын дайындап, шұғыл әрекет ету қызметтері көмек көрсету алгоритмін кедергісіз пысықтай алады.