Ерте шақтағы балалардың есту қабілеті бұзылуының скрининг және диагностикасы

Есту скринингі немесе аудиологиялық скрининг жаңа туған нәрестелер мен ерте шақтағы балалардың есту қабілетінің бұзылуын анықтаудың жалғыз және тиімді әдісі болып табылады, бұл нәрестенің мінез-құлық реакциясына қармастан субъективтік және объективтік аудиологиялық тестердің яғни қайтарылған отоакустикалық эмиссияны тіркеу (бұдан әрі – ҚОАЭ) жүйесін пайдалана отырып жүргізіледі.

Ерте шақтағы балалардың есту қабілеті бұзылуының скринингі және диагностикасының мақсаттары мен міндеттері

Есту қабілеті бұзылулары скринингі ерте шақтағы балалардың есту органдарының патологиясын уақытылы айқындау мақсатында қолданылады.
Ерте шақтағы балаларға есту қабілеті скринингін (аудиологиялық скрининг) жүргізудің міндеттері:
1) балалардың есту қабілетінің патологиялары мен бұзылуларын жаңа туылған кезінен бастап ерте айқындау;
2) есту функциясының бұзылу қаупі бар балаларды тереңдете тексеру және емдік көмек көрсету үшін сурдологиялық кабинеттерге (орталықтарға) жіберу;
3) есту функциясының бұзылу қаупі бар балаларды тереңдете тексеру және түзету-дамыту оқыту мәселелерін шешу үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жіберу;
4) есту қабілеті бұзылған балаларды емдеу, оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық көмек көрсету;
5) есту қабілеті бұзылған науқастар мен олардың есту органдарын протездеуге, кохлеарлық имплантацияға және есту-сөйлеуін оңалтуға қажеттіліктері туралы деректер қорын құру үшін тексерілген балаларды есепке алып отыру.

Ерте шақтағы балалардың есту қабілетінің скринингі балалар емханасында және басқа да алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету (бұдан әрі – АМСК) ұйымдарында төмендегі декреттелген мерзімдерде жүргізіледі:
1) 1 жасқа дейінгі балаларға – тоқсан сайын;
2) 3 жасқа дейінгі балаларға – алдыңғы скрининг нәтижелеріне қарамастан, жылына 2 рет.
11. Ерте шақтағы балалардың есту қабілетінің скринингін АМСК ұйымының дені сау балалар кабинетінің медициналық қызметкері жүргізеді.
12. Ерте шақтағы балалардың есту қабілетінің скринингі: анамнез жинауды, құлақ мүкістігі мен саңыраулығы бойынша қауіп факторларын айқындауды, сауалнама-сұрақтарды толтыруды және ҚОАЭ тіркеу әдісімен объективті аудиологиялық скрининг жүргізуді қамтиды.
13. АМСК мекемелерінің дені сау балалар кабинетінің медицина қызметкері мен учаскелік педиатр скринингтік тексеру мен тереңдетілген аудиологиялық тексеру көрсетімдерін салыстыруы тиіс.
14. Баланы есту қабілетін тереңдете тексеруге жіберу үшін көрсетімдер:
1) құлақ мүкістігі бойынша негізгі қауіп факторларының болуы (жақын туыстарында есту қабілетінің бұзылуы, жүктілік кезеңінде анасының жұқпалы және вирусты аурулармен ауыруы, 20 ммоль/л астам билирубині бар гипербилирубинемия, туған кездегі салмағы 1500 граммнан кем, жақ-бет сүйегінің патологиясы);
2) дыбыстарға реакциясы жоқ, реакциясы тұрақсыз немесе тек қатты дыбыстарға ғана реакция;
3) атын атағанда реакциясы жоқ немесе тұрақсыз (бірде бар, бірде жоқ) немесе кеш пайда болды;
4) былдырлауы жоқ немесе біртекті, жұтаң, 6 айдан кейін жаңа дауыссыздар пайда болмайды;
5) алғашқы сөздері 2 жастан кейін, бірінші сөйлемдері – 2,5 жастан кейін пайда болады (есту қабілетін аз немесе орташа жоғалтқан жағдайға тән);
6) айтылған өтініштерді түсінуі нашар;
7) сөйлеу тілін ыммен көрсетуі оны түсінуді жеңілдетеді;
8) бала жиі қайталап сұрайды;
9) қаратып айтқан кезде айтушының бетіне қарауға тырысады, өйткені бұл сөйлеу тілін түсінуін жеңілдетеді.
15. Көрсетімдері болған (қауіп факторлары айқындалған, аудиологиялық скринингтің “ӨТПЕДІ” деген нәтижесі) кезде жаңа туған нәресте есту қабілеті төмендегенін растау және оның сипаты мен дәрежесін анықтау мақсатында тереңдете аудиологиялық тексеру жүргізу үшін өңірлік немесе республикалық сурдологиялық кабинетке жіберіледі.
16. Ерте шақтағы балалардың есту қабілеті скринингінің нәтижелері баланың даму тарихында және ведомстволық статистикалық есептілікте (N 31 нысан) көрсетілуге тиіс.
17. Есту қабілетінің төмендеуі расталған жағдайда бала оған уақтылы және барабар медициналық көмек көрсету (консервативтік емдеу, есту органдарын протездеу, кохлеарлық имплантация) және есту-сөйлеуін оңалту мақсатында БМСК ұйымдарында және аймақтық сурдологиялық кабинетте диспансерлік есепке алынады.
18. Баланы тереңдете аудиологиялық тексеру қысқа латентті қайтарылған есту потенциалдарын тіркеуге және отоакустикалық эмиссияны тіркеуге негізделген акустикалық импендансометрияны, объективті аудиометрияны қамтуға тиіс.
19. Есту функциясы бұзылған бала есту-сөйлеуін оңалтуға барабар жағдайларды анықтау үшін міндетті түрде психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияға жіберілуі керек.
20. Ілесе жүретін психоневрологиялық бұзылулардың болуы есту қабілетін объективті және субъективті әдістермен кешенді тексеру жүргізуге қосымша негіздеме болып табылады.