Аудиометрия №8 емханада жасалады

Ерте шақтағы балаларға есту қабілеті скринингін (аудиологиялық скрининг) жүргізудің міндеттері:

  • балалардың есту қабілетінің патологиялары мен бұзылуларын жаңа туылған кезінен бастап ерте айқындау;
  • есту функциясының бұзылу қаупі бар балаларды тереңдете тексеру және емдік көмек көрсету үшін сурдологиялық кабинеттерге (орталықтарға) жіберу;
  • есту функциясының бұзылу қаупі бар балаларды тереңдете тексеру және түзету-дамыту оқыту мәселелерін шешу үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жіберу;
  • есту қабілеті бұзылған балаларды емдеу, оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық көмек көрсету;
  • есту қабілеті бұзылған науқастар мен олардың есту органдарын протездеуге, кохлеарлық имплантацияға және есту-сөйлеуін оңалтуға қажеттіліктері туралы деректер қорын құру үшін тексерілген балаларды есепке алып отыру.

#аудиоскрининг #аудиограммаалматы