Дүниежүзілік денсаулық күні

№8 қалалық емханада 7 сәуір-дүниежүзілік денсаулық күніне арналған іс-шаралар туралы ақпарат.

Дүниежүзілік денсаулық күні қарсаңында емханада Денсаулық мектептерінде «Денсаулық сабақтары» өткізілді,сонымен қатар қызметкерлердің қатысуымен марафон және «Денсаулық-зор байлық!»Флешмобы ұйымдастырылды.Дүниежүзілік денсаулық күні жыл сайын 7 сәуірде (1948жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы құрылған күн) планетамыздың әрбір тұрғынының назарын денсаулық мәселелеріне аудару мақсатында атап өтіледі

ДДҰ (ВОЗ) денсаулықты былай деп сипаттайды:Денсаулық-бұл аурудың немесе мүгедектіктің болмауы ғана емес,толық физикалық,психикалық және әлеуметтік салауаттық жағдайы.

Денсаулықтың үш түрі бар:

  • Физикалық денсаулық(барлық мүше жүйелерінің жұмысы)
  • Психикалық денсаулық (мінез-құлықты реттеу)
  • Психологиялық денсаулық( сенсорлық-эмоционалдық саланың жағдайы)

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшы бағалауы бойынша әрбір адамның денсаулығы 4 факторға байланысты: организмге енген гендік бағдарлама-20%,экология-20%,медициналық қызмет-10%,өмір салты-50%

Салауатты өмір салты-адамдардың денсаулығын сақтауға және жақсартуға бағытталған өмір салты.Салауатты өмір салты темекімен алкогольді тұтынудан бас тартуды,ұтымды тамақтануды,физикалық белсендікті және психикалық денсаулықты нығайтуды білдіреді

Сіздің денсаулығыңыз тек өз қолыңызда екенін ұмытпаңыз!