Артериялық гипертониямен ауыратын науқастарға арналған мектеп

Дүниежүзілік денсаулық күні қарсанында біздің емханада турғындармен тақырыптық кездесулер ұйымдастырылды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемдегі ересектердің 40%-да гипертония дамиды деп есептейді және ол жыл сайын тоғыз миллионнан астам өлім-жітім жағдайына әкеледі.

Жыл сайын жүрек пен өкпе ауруларынан, инсульттан, обыр мен диабеттен 70 жасқа дейінгі 16 миллион адамның мезгілсіз қайтыс болуы анықталады. Қан айналымы жүйесінің аурулары (бұдан әрі – ҚЖА) салдарынан қайтыс болған адамдардың 80%-ы инфаркттан немесе инсульттан қайтыс болды, олардың көпшілігі өмір салтын өзгертуге бағытталған араласулар және қажет болған жағдайда дәрі-дәрмек терапиясын қолдану арқылы негізгі қауіп факторларымен күресу арқылы алдын алуға болады.

Осы сабақтың мақсаты – артериялық гипертензиямен және жүректің ишемиялық ауруымен ауыратын науқастардың өз аурулары, қауіп факторлары (ҚФ), асқынулар және профилактика туралы хабардарлығын арттыру; сауықтыруға уәждемені, емделуге және дәрігердің ұсынымдарын орындауға бейілділікті қалыптастыру; денсаулық жағдайын өзін-өзі бақылау, өршу мен криз жағдайында дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету дағдыларын қалыптастыру сондай-ақ, олардың денсаулығына жағымсыз әсерлерді азайту үшін мінез-құлық ҚФ (тамақтану, қозғалыс белсенділігі, стрессті басқару, зиян әдеттерден бас тарту).