Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мейрамы

Наурыз – ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Бұл күн көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады.22-наурыз күнмен түннің теңесуі күні(парсы тілінен аударғанда нов-жаңа +роуз-күн,мағнасы жаңа күн яғни жаңа жыл,күн өсуін белгілейді екен)2010 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымы 21 наурызды -Халықаралық Наурыз күні деп бекітті.

Біздің емханамызда бүгін Наурыз мейрамы аталып өтті. Бас дәрігер Жанар Амантаевна Мухамеджанова емделушілермен қызметкерлерді Наурыз мерекесімен құттықтады. Келген емделушілерге ыстық бауырсақпен наурыз көже таратылды.Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын! Ақ мол болсын!