Туберкулездің алдын алу

Туберкулездің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жалғасуда.

Бүгінгі күні жоғары сынып оқушылары тақырып бойынша диктант жазды. «Туберкулез. Біз ол туралы не білеміз? «Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні» тақырыбында презентациялар өткізілді.

№8 емхананың фтизиатр, салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің дәрігерінен құралған қызметкерлері №58 орта мектепте Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған дөңгелек үстел өткізді.

Мектеп оқушылары туберкулездің жұғу жолдары мен қорғану жолдарымен, құнарлы тамақтану және салауатты өмір салтымен таныстырылды.Қол жуу техникасы ережелерімен жөтелу әдебі көрсетілді.

Оқушылармен бірге « Біз туберкулезді жеңе аламыз!» атты флешмоб ұйымдастырылды.