1-наурыз- «Алғыс айту» күніне арналған жұмыс туралы ақпарат

1-наурыз- «Алғыс айту» күніне арналған жұмыс туралы ақпарат.

ШЖҚ «№8 Қалалық Емхана» КМК

Елімізде 1-наурыз Алғыс айту күні болып 2016 жылдап бастап атап өтілуде. 2016 жылдың 14 қаңтарында Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін, яғни 1 наурызды Алғыс айту күні етіп жариялады. Алғыс айту күні- бұл тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық Қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған, бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.

Алғыс айту күніне орай, емханамызда емделушілерімізге құрмет көрсетіліп, әр бөлімшелерде ақ дастархан жайылып, «нан бар жерде ән бар» демекші, ыстық бауырсақпен тәтті тоқаштар таратылды. Қызметкерлермен емделушілер бір-біріне деген жылы лебіздерін жаудырып, шынайы тілектерін арнады.

Еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасында бір-біріне деген силастық, келісім, татулық мәңгі болсын. Мерекенің басты мақсаты ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту. «Бірлік бар жерде-тірлік бар».