Мәртебелі мамандық иесі – медбикелер

2021 жылғы 12 мамырда №8 Қалалық емханада әлем бойынша 150 жылдан астам уақыт бойынша атап өтілетін Халықаралық медбикелер күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шара барлық карантиндік шараларды сақтай отырып, шектеулі жағдайда өтті.

Іс-шараға Алмалы аудандық медициналық ұйымдарының сонымен қатар Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқарма басшысының орынбасары Лаура Мырзағалиқызы медбикелерге өздерінің құттықтау сөздерін білдірдіп,құттықтап, алғыс хат мараппаттады.

Мейірімділіктің символына айналған бұл орта буын қызметкерлерінің еңбегі қашанда құрметке бөленіп келеді. Оған қоса, соңғы жылдары пандемияның салдарынан болған елдегі күрделі ахуалға байланысты тұрғындардың денсаулығын барынша сақтап қалуға тырысып, өзіне артылған сенімге селкеу түсірмей, күн- түн демей дамылсыз еңбек етіп жүрген ақ халатты орта буын қызметкерлеріне барлық мадақ-мақтауларымызды білдірсек артық етпес. Соған орай, қарусыз майданда өзгенің өмірін сақтау үшін өз басын қатерге тігіп, осынау алапат дерттен әлемді тазарту жолында тынымсыз еңбек етіп жүрген мейірбике ісі қызметкерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өкізілді. Алматы қаласының әкімі, әкім орынбасары және Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы атынан алғыс хаттар берілді. Марапатталғандардың қатарында Қалалық кардиология орталығының қызметкері – К.М.Умбетбаева; Қалалық ревматология орталығының қызметкерлері – У.М.Ажмолдаева және Д.Ы.Умирбаева; Қалалық адам ұрпағын өрбіту орталығының қызметкері – А.М. Гапбасова; Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының қызметкерлері – Г.С.Ракишева және К.С.Сыздыкова; №1 Қалалық перзентхананың қызметкері – В.М. Манабаева; №8 Қалалық емхананың қызметкері – Д.А.Тузел; №5 Қалалық емхананың қызметкері – Куантаева Роза Тусипхановна; №3 Қалалық емхананың қызметкерлері – Г.К.Абралова және А.Н.Айту болды.