Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы түсіндіру жұмыстары қарқынды жалғасуда. 11-ші шілде күні №8 Қалалық емхана медбикелері А.Б. Ортай мен А.Д. Қосаева емхана аумағындағы көшелерде тұрғындарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы түсіндіру, ақпарат беру жұмыстарын жүргізді.

Бүгінде бүкіл әлем денсаулық сақтауды қаржыландырудың үш негізгі үлгісін қолдануда: бюджеттік, сақтандыру және аралас. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – бұл тұрғындарды ауру, жарақат, жүктілік, бала туу, мүгедектік, кәрілік жағдайындағы әлеуметтік қорғау үлгісі. Көптеген дамыған елдер тұрмысы төмен, көмекке мұқтаж адамдарға ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік беретін МӘМС жүйесін таңдаған.

Тұрғындардың көкейінде жүрген негізгі сұрақтар: «МӘМС жүйесі қалай жұмыс істейді? Адам «сақтандырылғандығын» қалай білуіне болады? МӘМС жүйесіне қатысушы қандай қызмет түрлерін ала алады? Мемлекет ӘМСҚ-ға кім үшін жарна төлейді»? Тұрғындар осы және басқа сұрақтарға егжей-тегжейлі жауаптар ала алды. Мұндай маңызды түсіндірме жұмыстары алдағы уақыттарда да жалғасын таба бермек.