Сау болу – сәнді!

Жыл сайын 7 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық күні аталып өтеді. Осыған орай салауатты өмір салтын насихаттау барысында №8 Қалалық емханада «Ашық есік» күні өтті.

Адам денсаулығының деңгейі денсаулық сақтау саласы мен медициналық қызмет көрсету деңгейінің тек 8 – 10% – ын ғана құрайды.

Көптеген басқа факторлар яғни экологиялық, экономикалық, әлеуметтік, эндемиялық жағдай, қалыптасқан мінез – құлық әдеттері, тамақтану мәдениеті, тұқымқуалаушылық және адамдардың өзіне, өз денсаулықтарына қарым – қатынасы арқылы қалыптасады.

Осыған орай біздің мақсатымыз аурулардың алдын алу, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі денсаулық үшін пайдалы екендігін халыққа жеткізу және хабардар ету.

Бейімді денсаулық мектептерінде ата – аналарға, жасөспірімдерге, жастарға, егде адамдарға дене белсенділігінің қандай артықшылығы бар, дұрыс тамақтану сияқты сұрақтарға кеңестер берілді. Ашық есік күні «Өмір – қозғалыс» флешмобымен аяқталды.