«Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты»

Өз сөзінде Мемлекет бас¬шысы Nur Otan партиясының кезекті XVIII съезінде Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне өткенін ерекше атап өтті. Ел Президенті алдағы 10 жыл мемлекетіміздің дамыған 30 ел қатарына қосылуы үшін шешуші кезеңге айналатынын баса айтты.

Біздің басты басымдығы¬мыз – азаматтарымыздың тұрмыс сапасын арттыру және Қазақстан¬ды әлеуметтік бағдарланған мемлекет ретінде дамыту. Елбасымыз азаматтардың лайықты өмір сүру деңгейін әлеуметтік қамтамасыз ету жөніндегі негізгі үш бағыт бойынша, яғни, табысы аз халықты қолдау; табысы төмен азаматтардың тұрғын үй мәселелерін шешу және білім беру мен денсаулық сақтау салаларын жақсарту; өңірлерді кешенді дамыту бойынша жүзеге асырылатын нақты мақсаттар мен жобалар белгіленгенін атап өтті.

Осыған орай 19.03.2019ж. Алмалы аудандық «Nur Otan» партиясы өкілдері мен Алматы қаласының №8 Қалалық емхана қызметкерлері «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты «Nur Otan» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасы аясында Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» атты жаңа әлеуметтік шараларын талқылады. Жиынды «Nur Otan» партиясы Алмалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлбисенов Ерлан Ибрагимұлы ашып, жүргізді және өткен 20 жыл ішінде Қазақстанның қол жеткізген жетістіктерін айтып, елімізде болған барлық оң өзгерістердегі «Nur Otan» партиясының рөлі ерекше екенін атап өтті.

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жастардың әлеуетін дамыту, жастар арасында патриоттық деңгейін арттыру бойынша жүйелі шаралар көзделгенін атап өтті. «Nur Otan» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасы туралы баяндама жасап, көпбалалы отбасылар мемлекет тарапынан қандай көмек алуға болатынын және ол үшін әлеуметтік әл-ауқат бөліміне құжаттарды қалай рәсімдеу керек екені жайлы ақпарат берді. Жиын соңында қызметкерлерден сұрақтар қойылып, сәйкесінше жауаптар берілді.