Менингококк инфекциясы

Менингококк инфекциясы – басқа аурулардан күрделі ағымымен ерекшеленетін, сондай-ақ жоғары өлім-жітім көрсеткішімен аяқталатын түрлі клиникалық белгілері бар айтарлықтай күрделі жіті жұқпалы аурулардың бірі.
Инфекцияның қауіптілігі – жоғары өлім-жітім қаупіне әкелетін күрделі ауру формасын тез әрі кенеттен дамытып, баланың әрі қарай жүйке-психикалық дамуына кері әсерін тигізуінде.
Жұқтыру көзі сырқаттанған адам немесе менингококк инфекциясын тасымалдаушы «сау» адам болуы мүмкін.
Жұғу жолдары: науқас немесе менингококк инфекциясын тасымалдаушы адаммен сөйлескенде, жөтелгенде, түшкіргенде ауа-тамшы жолдары арқылы беріледі.

Клиникалық белгілері: өзін нашар сезіну (дене қызуының 38-39 градусқа дейін көтерілуі), мойын бұлшықеттерінің ауруы, бастың қатты ауруы, жарыққа деген сезімталдылық, әлсіздік, ұйқыдан қиын ояну, ашушаңдық, бұлшықеттердің, буындардың қақсауы, қалтырау, суық тердің шығуы, жиі құсу. Алайда, назар аударылуы керек ең қауіпті белгі – майда қан тәріздес бөртпенің пайда болуы. Ең алдымен, ол ақшыл-қызыл жұлдызша тәріздес, сипап қарағанда қаттылау және түрлі өлшемдегі бөртпелер ретінде шығады. Көбінесе бөртпе дененің төменгі бөлігінде – табан буындарында, сан, бөксе айналасында пайда болады. Бөртпе көп болған сайын аурудың болжамы да күрделене түседі.

Алдын алу шаралары:

  • Жеке гигиена қағидаларын сақтау керек
  • Баламен таза ауада серуендеу керек, қоғамдық көліктерде жол жүруден, адам көп жиналатын жерлерде ұзақ уақыт болудан сақтану қажет (яғни дүкендер, сауда орталықтары, қоғамдық көліктер, базар, сән салондары, шаштараз, кинотеатрлар және т.б.)
  • Үйдегі немесе пәтердегі бөлмелерді жиі желдетіп, ылғалды тазалау жүргізіп тұру қажет
  • Эпидемиологиялық айғақтар бойынша вакцина алу керек